Мерекеде гүл сыйлаймын деп сотталып кетпеңіз

Мерекеде гүл сыйлаймын деп сотталып кетпеңіз

Мерекеде гүл сыйлаймын деп сотталып кетпеңіз
ашық дереккөзі
Мерекеде гүл алған бәріне ұнайды. Бірақ осы сыйлықты аламын сотталып кетуіңіз ғажап емес. Егер сізге берілген тарту 5300 теңгеге жетпесе 530 000 теңге айыппұл төлейсіз. Ал асып кетсе қылмыстық жазаға тартылып, түрмеден бірақ шығуыңыз әбден мүмкін, ­– деп хабарлады Qazaqstan.kz. Телеарнаның хабарынша, бұл тікелей мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік сала мамандарына қатысты. Жемқорлықпен күрес агенттігінің өкілдері мем.қызметкерлерге қойылатын талапты тағы бір еске салды. Агенттіктің мәліметінше, гүлді алушының ғана емес берушінің де басы бәлеге қалуы мүмкін. Себебі, сыйлық мәселесін шешу үшін беріліп жатыр деп бағаланады. Егер бюджеттік сала мамандарын қуантамын деп зат сыйласаңыз, 360 мың теңге айыппұл арқалайсыз. Ал кәдесый мемлекеттік қызметкерге арналса, жаза бес есе өседі. Нақты айтқанда, 1 миллион 590 000 теңге айыппұл төлеуге тура келеді.