Жаңалықтар

Жасотандықтар ауыр еңбектегі аруларды мерекемен құттықтады

ашық дереккөзі

Жасотандықтар ауыр еңбектегі аруларды мерекемен құттықтады

Бүгін «Jas Otan» жастар қанатының өкілдері мен белсенділері елордада нәзік жандыларды Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Мерекелік акция барысында жасотандықтар коммуналдық қызметінің қызметкерлері мен дәрігерлерді күн сайынғы ауыр еңбегі үшін алғыс ретінде құттықтады. Акция аясында көктем мен мерекенің символы ретінде қызғалдақтар мен тәттілер түрінде естелік сыйлықтар берілді. Шара соңында белсенділер қала тұрғындары мен қонақтарын құттықтап, оларға мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында қызғалдақтар сыйлады.