Жаңалықтар

БҰҰ-ның бұрынғы бас хатшысы 100 жасында қайтыс болды

ашық дереккөзі

БҰҰ-ның бұрынғы бас хатшысы 100 жасында қайтыс болды

Де Куэльяр Лимада қайтыс болды, деп хабарлайды Andina агенттігі.

Ол 1940 жылы Перудің сыртқы істер министрлігінде жұмыс істей бастады, Перу делегациясы құрамында БҰҰ-ның алғашқы сессиясына қатысты. Швейцариядағы, КСРО-дағы, Польшадағы және Венесуэладағы елші қызметтерін атқарды. Хавьер Перес де Куэльяр 1975 жылы бас хатшының Кипрдегі арнайы өкілі болып тағайындалды. БҰҰ бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 1981 жылы БҰҰ атынан Ауғанстандағы жағдайды реттеуге қатысты. 1982 жылы ол БҰҰ Бас хатшысы болып сайланып, 1991 жылға дейін осы қызметті атқарған.