Шымкент полицейлері Арбатта арулардың құрметіне ән салды (видео)

Шымкент полицейлері Арбатта арулардың құрметіне ән салды (видео)

Шымкент полицейлері Арбатта арулардың құрметіне ән салды (видео)
ашық дереккөзі
Шымкенттің тәртіп сақшылары қыз-келіншектерге арнап ән айтты. Арбатта гитарамен өлең айтқан полицейлердің бейне көрінісі әлеуметтік желіге тарап кетті.  ҚазАқпараттың хабарлауынша, қала тұрғындары үшін күтпеген көрініс кеше болған. Құқық қорғау органының үш қызметкері көпшілік алдында вокалдық қырынан танылып, жұртшылықтың ықыласына бөленді. Полицейлердің тамаша тартуын қазір әлеуметтік желі қолданушылары қызу талқылап жатыр. Арбатта өнер көрсеткен полицейлердің екеуі махаббат туралы ән салып, қыз-келіншектердің алғысын арқалады. Ал, үшінші полицей гитарамен сүйемелдеді. https://www.youtube.com/watch?v=lwwX8ibfwbc