Жаңалықтар

Nur Otan-ға баса-көктеп кірген 6 азамат жанжал шығарды

ашық дереккөзі

Nur Otan-ға баса-көктеп кірген 6 азамат жанжал шығарды

Nur Otan партиясының Алматы қалалық филиалында өткен қоғамдық қабылдауға бір топ азамат кедергі келтірді. Бүгін партияның Алматыдағы филиалына Әлнұр Ильяшев, Даная Қалиева, Геннадий Крестьянский, Дәулет Әбілқасымов, Юрий Маленьких және Мадина Күкетаева баса көктеп кіріп, жанжал шығарды. Өздерін дөрекі ұстаған 6 азамат шу көтеріп, ғимаратта болып жатқан шараны ұялы телефон камерасына түсірді. Филиал қызметкерлерімен және қабылдауға келген қала тұрғындарымен жанжалдасты. Нәтижесінде, сот Ильяшев, Тұрымбетов және Закирова  үшеуіне  өздері таратқан  ақпаратты теріске шығарып,  көпшілік алдында кешірім  сұрауды,  арыз берушілер талап еткен өтемақыны төлеуді міндеттеген еді. Арыз берушілер өтемақыны  қайырымдылық масқатқа жұмсамақ болды. Алайда  жауапкерлер сот шешімімен келіспей, аппелацияға берген. Бірақ  аппелациялық сот бастапқы шешімді өзгерткен жоқ.