Nur Otan-ға баса-көктеп кірген 6 азамат жанжал шығарды

Nur Otan-ға баса-көктеп кірген 6 азамат жанжал шығарды

Nur Otan-ға баса-көктеп кірген 6 азамат жанжал шығарды
ашық дереккөзі
Nur Otan партиясының Алматы қалалық филиалында өткен қоғамдық қабылдауға бір топ азамат кедергі келтірді. Бүгін партияның Алматыдағы филиалына Әлнұр Ильяшев, Даная Қалиева, Геннадий Крестьянский, Дәулет Әбілқасымов, Юрий Маленьких және Мадина Күкетаева баса көктеп кіріп, жанжал шығарды. Өздерін дөрекі ұстаған 6 азамат шу көтеріп, ғимаратта болып жатқан шараны ұялы телефон камерасына түсірді. Филиал қызметкерлерімен және қабылдауға келген қала тұрғындарымен жанжалдасты.  width= Партияның қалалық филиалы төрағасының орынбасары Станислав Канкуров белсенділерді сабасына түсіруге тырысып, сабырмен сөйлесуге шақырғанымен, нәтиже шықпады. Жанжал шығарушылар филиал жұмысына кедергі келтіріп, өзге тұрғындардың қабылдауға кіруіне мүмкіндік бермеді. Қабылдауға келген қалалықтар "белсенділердің" әрекетін сынға алып, наразылық білдірді. «Сендерде ұят жоқ екен. Біз бәлен күн бұрын жазылып,  арнайы келдік. Міне, кезек күтіп отырмыз. Сендер кезексіз кіріп, 33 минут отырсыңдар. Үлкенді сыйлауды, азаматтарды қадірлеуді білмейді екенсіңдер», - деп ренішін білдірді тұрғындардың бірі. Айта кетейік, бұл аталған азаматтардың  алғаш рет жанжал шығаруы емес. Олар бұған дейін де бірнеше мәрте негізсіз айып тағып, партия атына күйе жақпақ болған еді. Мәселен, 2019 жылы Ә.Ильяшев пен белсенділер Марат Тұрымбетов және Санавар Закирова  Nur Otan партиясын сотқа берген болатын.  Олар Nur Otan  белсенділердің «Наше право» партиясын құруына кедергі жасағанын алға тартқан. Бірақ сот дәлелдің жетіспеушілігіне байланысты талап-арызды   қанағаттандырудан бас тартқан. Сөз болған кісілердің қатарында М.Тұрымбетов секілді алдын алаяқтық бабы бойынша жауапқа тартылғандар да бар. Nur Otan партиясы мен  оның төрт мүшесі  «белсенділердің»  видеосына жауап ретінде  олардың үстінен ар-намысты қорғау бойынша арыз түсірген еді.  width= Нәтижесінде, сот Ильяшев, Тұрымбетов және Закирова  үшеуіне  өздері таратқан  ақпаратты теріске шығарып,  көпшілік алдында кешірім  сұрауды,  арыз берушілер талап еткен өтемақыны төлеуді міндеттеген еді. Арыз берушілер өтемақыны  қайырымдылық масқатқа жұмсамақ болды. Алайда  жауапкерлер сот шешімімен келіспей, аппелацияға берген. Бірақ  аппелациялық сот бастапқы шешімді өзгерткен жоқ.  width=