Жаңалықтар

Коронавирус: Иран үкіметі түрмеде отырған 54 мың адамды босатты

ашық дереккөзі

Коронавирус: Иран үкіметі түрмеде отырған 54 мың адамды босатты

Коронавирустың таралуын шектеу үшін Иран үкіметі түрмедегі 54 мың жазасын өтеушіні бостандыққа жіберді.  Rtvi.com таратқан ақпаратқа сүйенсек, сынамасынан коронавирус анықталған сотталушылар ғана түрмеден босатылған. Сондай-ақ, жазасын өтеушілер кепілдік арқылы уақытша бостандыққа шыққаны белгілі болып отыр. Бұл шара қауіпсіздікке нұқсан келтіріп, 5 жылдан аса жаза кесілген қылмыскерлерге қолданылмаған.  Індет Иранның барлық аймағын жайлап үлгерді. Соңғы дерек бойынша коронавирустан 92 адам мерт болған. Вирусты жұқтырғандар көрсеткіші бір тәулікте 586-дан 2922-ге өсті. Иран эпидемиологиялық қауіптілік деңгейі бойынша Қытайдан кейінгі екінші орында.  Айта кетейік, бұған дейін Тайландта коронавирус жұқтырудың 4 жаңа дерегі тіркелгенін хабарлағанбыз. Елде індет жұқтырған 47 адамның біреуі көз жүмса, 31-і жазылып, ауруханадан шығарылған. 15 адам дәрігерлер бақылауында