Партия көмегімен оралман мәртебесін алды
Партия көмегімен оралман мәртебесін алды
Nur Otan партиясы Талғар аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне Қытай Халық Республикасынан келген қандасымыз Дәурен Халелұлы бір жарым жылдан бері оралман куәлігін ала алмай жүргені туралы айтып, көмек сұраған болатын.
Аудандық партия филиалында мәслихат депутаты Сұлтан Нұрдәулетов қандасымызды қабылдап, көші-қон полициясы қызметкерлерімен заң аясында кеңесіп, құжаттарын заңдастыруға ықпал етті.
Nur Otan партиясы мәселенің оңтайлы шешімін табуына ықпал етуінің нәтижесінде Даурен Халелұлы оралман мәртебесіне ие болды.