Ертеңнен бастап Италияда барлық мектептер мен университеттер жабылады

Ертеңнен бастап Италияда барлық мектептер мен университеттер жабылады

Ертеңнен бастап Италияда барлық мектептер мен университеттер жабылады
ашық дереккөзі
5 наурыздан бастап Италияда коронавирус эпидемиясына байланысты барлық мектептер мен жоғары оқу орындары жабылады. Ел билігі оқушылар мен студенттердің сабағы шамамен айдың ортасына дейін тоқтатылады деп болжап отыр,  деп хабарлайды ANSA. Коронавирус жұқтыру жағдайлары жиілеген елдің солтүстік өңірлерінде мектептер жабылып үлгерген. Атап айтқанда, Ломбардия, Венето, Эмилия-Романья, Пьемонте секілді облыстарда оқушылардың сабағы тоқтатылған. ТАСС-тың дерегінше, бүгінде Италияда CoViD-2019 инфекциясынан 79 адам көз жұмған. Індетті жұқтырғандар саны 2263 адамға жетіп отыр. Еске сала кетейік, бұған дейін Дүниежүзілік банк коронавируспен күреске 12 миллиард доллар бөлгенін хабарлағанбыз.  «COVID-19 ауруы 60-тан астам елді қамтығандықтан, Дүниежүзілік банк аурудың жаһандық өршуінің медициналық және экономикалық салдарын еңсеру ісіне шұғыл көмек ретінде 12 миллиард долларға дейінгі мөлшерде алғашқы пакетпен қамтамасыз етеді», - делінген банк хабарламасында.