Коронавирус: Токио олимпиадасы кейінге шегеріле ме?

Коронавирус: Токио олимпиадасы кейінге шегеріле ме?

Коронавирус: Токио олимпиадасы кейінге шегеріле ме?
ашық дереккөзі
Reuters-тің жазуынша, коронавирусқа байланысты Токио Олимпиадасын өткізу уақыты 2020 жылдың соңына қарай шегерілуі мүмкін. Токиодағы Олимпиада және Паралимпиада ойындарының ісі бойынша министр Сэйко Хасимото: «Келісімшарт бойынша Олимпиада ойындары 2020 жылы өтуі керек. Жазғы ойындарды өткізу жыл соңына қарай шегерілуі мүмкін деп те түсінуге болады», – дейді. Соңғы мәліметтерге қарағанда Жапонияда коронавирус жұқтырғандар саны 900-ге жетті. Мұның алдында Токиодағы Олимпиада ойындары көрерменсіз өтуі мүмкін екені де айтылған болатын. Тағы бір тәсіл Олимпиаданы телевизиялық режимде трансляциялау мәселесі де қарастырылған. Айта кетейік, қазіргі жоспарланған уақыт бойынша Олимпиада ойындары 24 шілде мен 9 тамыз аралығында өтуі тиіс.