Прокуратура алимент төлемейтіндердің негізгі себебін атады

Прокуратура алимент төлемейтіндердің негізгі себебін атады

Прокуратура алимент төлемейтіндердің негізгі себебін атады
ашық дереккөзі
Алимент төлемей жүрген азаматтар түрмеге қамалуы мүмкін. Алматы облыстық прокуратура қызметкерлерінің қатаң шешім қабылдауына алимент төлемеген әкелердің былтырғы берешегі 300 млн теңгеге жетуі себеп болған, – деп жазды 24.kz. Былтыр алименттің тек 3/1 бөлігі ғана өндірілген. Облыс прокурорының аға көмекшісі Данияр Мұхияевтың айтуынша, алиментті көбі жұмыссыздықтан төлемейді. «Алимент төлемеушілерге қатысты әкімшілік қамау да қолданылып жатыр. Былтыр 29 адам осындай әкімшілік жауапкершілікке қолданылды. Биыл қасақана алимент төлемеушілерге қатысты 19 сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, екеуіне қатысты сот шешімі шықты. Алимент бойынша 10 млн теңге берешек қайтарылды», – деді ол. Оның айтуынша, алимент төлемеудің басты себебі – жұмыссыздық. Сондықтан прокуратура қызметкерлері жергілікті билік өкілдерімен бірлесе, борышкерді еңбекпен қамтуды қолға алды. Былтыр 185 адам тұрақты табысы бар жұмысқа орналасып, балалар алдындағы берешегін өтей бастаған.