Италиялық турист: «Маған қазақтың тағамы ұнады»

Италиялық турист: «Маған қазақтың тағамы ұнады»

Италиялық турист: «Маған қазақтың тағамы ұнады»
ашық дереккөзі
Италияндық турист Микэль Скуери Алматыға арнайы келіпті. 15 жылдың ішінде жарты әлемді саяхаттап шыққан жиһанкездің кезекті сапары – Қазақстанның оңтүстік шаһары болды. Бұл – Микэльдің Орталық Азияға алғашқы сапары. Шетелдік қонақ Алматыға 1972 жылы шыққан раритетті италияндық автомен келген. Ол оны арнайы осы сапар үшін сатып алған екен.  width= Туристің қаладағы алғашқы белгіленген пункті – Visit Almaty туристік ақпарат орталығы болды. Туристік хабтың табалдырығын аттай салысымен, италияндық қонақ жайлылық пен қонақжайлылық атмосферасына енді. Онымен қоса, ол қала жөнінде, Алматының ең әсем жерлері, оңтүстік астананың туристік потенциалы жайында толыққанды ақпарат алды. Италияндық қонақ үшін кең дастархан жайылып, ол ұлттық тағамдардың тіл үйірер дәмін татып көрді. Микэль Скуери бауырсақтың ерекше дәмін, қымыздың шөл қандырар қасиетін атап өтті.  width= «Өте жайлы қала және дәмді тамақ. Маған қазақтың тағамы ұнады», – деп атап өтті италияндық турист. Туристік хабтың ішінде орналасқан жайлы киіз үйде отырып, қонақ ерекше қонақжай әрі жайлы атмосфераны атап өтті. Италияндық қонақ тек қонақжайлылығымызға ғана емес, Алматының көзтартарлық тау бөктеріне де тәнті болған. Онымен қоса, ол отанына оралмас бұрын, «Алтын емел» ұлттық саябағына да барып қайтқысы келетіні жайында айтты. Себебі оның әсем табиғаты жайында біраз естіген екен. Сапарының соңында, Алматы туралы ыстық естеліктерді сақтап қалу үшін Микэль Скуери автокөлігіндегі жапсырмалар топтамасын Visit Almaty логотипімен толықтырды.