«Таза сессия» жа­сырын сауал­намасының нәтижесі жария­ланды

«Таза сессия» жа­сырын сауал­намасының нәтижесі жария­ланды

«Таза сессия» жа­сырын сауал­намасының нәтижесі жария­ланды
ашық дереккөзі
Jas Otan бұқаралық ақпарат құралдары үшін брифинг өткізді. Онда студенттердің жа­тақ­ханаларда тұру жағ­дайына жүр­гізген мониторинг­тің қорытындысы, студенттер ара­сында жеке ЖОО-да сы­бай­­лас жемқорлыққа қатысты «Таза сессия» атты жа­сырын сауал­наманың екін­ші ке­зеңінің нәтижелері жария­ланды. Jas Otan жастар қанатының дерегі бойынша, барлық облыстарда, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Алматы және Шым­­­кент қалаларында 645 сту­денттік жатақхана жұ­мыс іс­тейді. Оның 270-і жо­ғары оқу орын­­дарындағы, 375-і кол­ледж жанындағы жа­тақ­хана­лар. Жалпы, 2019-2020 оқу жылында 259 мың сту­дент, яғни Қазақстанның әр­бір төр­тінші студенті жа­тақ­­ха­надан орын сұраған. 169 мың студенттің өтініші қана­ғаттандырылды. Бұл жалпы өті­ніштердің 67 пайызы болып отыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру мақсатында 2022 жылдың соңына дейін Қа­зақ­стан бойынша 75 мың орындық студенттік жатақхана нысандарын салу жоспарланып отыр. Сонымен қатар Nur Otan партиясының Төрағасы негізгі мә­селелерді анық­тау үшін студенттердің жатақ­ханаларда тұру жағдайын тек­серу міндетін қойды. Осыған байла­нысты Jas Otan Жастар қанаты­ның 2000-нан астам бел­сен­дісі 270 жатақханаға рейд жүр­гізді. Қазіргі кезде 375 жатақханада студенттердің тұру жағ­дайын тек­серу жұмыстары жалғасуда.