Жаңалықтар

Тағы 8 елде коронавирус жағдайы тіркелді

ашық дереккөзі

Тағы 8 елде коронавирус жағдайы тіркелді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы соңғы тәулікте Қытайдан тыс елдерде тағы 1,7 мың адам коронавирус жұқтырғанын анықтады, барлық жұқтырғандардың саны 10 мыңнан асқан. Бұл туралы РИА Новости жазды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми мәліметінше, Қытайдан өзге  мемлекеттерде вирус жұқтырғандардың саны 10 566 адамға жеткен. Соңғы тәулікте 72 елде тағы 1792 адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Қайтыс болғандардың саны – 166 (кейінгі бір тәулікте – 37). Вирус тағы 8 елде: Португалия, Сауд Арабиясы, Тунис, Марокко, Латвия, Андорра, Иордания және Сенегалда анықталған.