Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметінен кетті

Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметінен кетті

Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметінен кетті
ашық дереккөзі
Атырау облысы әкімінің орынбасары Айбек Крамбаев қызметінен босатылды.  Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов өткізген актив жиналысында белгілі болды. Әкімнің орынбасары Айбек Крамбаев қызметінен өз еркімен босату жөнінде өтініш жазған, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Айбек Крамбаев облыс әкімінің орынбасары лауазымына былтырғы ақпанда тағайындалған еді. Ол кәсіпкерлік, инвестиция тарту, мұнай-газ секторы, соның ішінде қазақстандық мазмұн және цифрландыру мәселелеріне жетекшілік еткен болатын.