Жаңалықтар

Арыс пен Отардағы оқ-дәрілерді жою кезінде миллиардтар қолды болған

ашық дереккөзі

Арыс пен Отардағы оқ-дәрілерді жою кезінде миллиардтар қолды болған

Арыс пен Отардағы оқ-дәрілерді жою барысында 1,7 млрд теңге ұрланған. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Нұр-Сұлтан қалалық экономикалық тергеулер департаменті бірінші тергеу басқармасының басшысы Болат Хамитов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Қазтехнология« АҚ-ында Арыс пен Отар қаласындағы әскери бөлімдердің соғыс оқ-дәрілерін жою барысында металл сынықтары мен металдарды сату арқылы 1,7 млрд теңге қаражатты ұрлау фактісі анықталды», - деді ол. Болат Хамитовтің айтуынша, аталған акционерлік қоғам басшысының үстінен қылмыстық іс қозғалған. «Дегемен, сотқа дейінгі тергеудің бастапқы кезеңінде тұрмыз. Сондықтан мәліметтерді жария етуге болмайды», - деді басқарма басшысы.