Жаңалықтар

Көшеге жалаңаш шыққан екі жігіт 15 күнге қамалды

ашық дереккөзі

Көшеге жалаңаш шыққан екі жігіт 15 күнге қамалды

Өзбекстанның Самарқанд қаласында жалаңаш көшеге шыққан екі жігіт 15 тәулікке қамалды.

Самарқанд әкімшілік сотының 2 наурыздағы шешімімен, Ж.Н. мен У.Т. "ұсақ бұзақылық" айыбымен 15 күнге қамалды, Х.Д. болса 10 күн қамауда отырады. Бұл туралы Самарқанд облыстық ішкі істер департаменті хабарлады, деп жазады centralasian.org.  29 ақпанда түнде екі ер азамат Самарқанд көшесінде жалаңаш жүрген. Бір танысы олардың артынан автокөлікпен жүріп отырған. Тергеу кезінде жігіттер сол күні қатты мас болғанын мойындаған. Оларды Самарқанд милициясы ұстап, бұзақылық әрекетке қатысты әкімшілік хаттама толтырған.