Украинада коронавирус жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелді

Украинада коронавирус жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелді

Украинада коронавирус жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелді
ашық дереккөзі
Украинада коронавирустың жаңа түрін жұқтырудың алғашқы дерегі тіркелді, деп хабарлайды Укринформ. Украина денсаулық сақтау министрінің орынбасары Виктор Ляшконың айтуынша, вирус жұқтырудың алғашқы оқиғасы Черновцыда тіркелген. Бүгінде әлем бойынша қауіпті індетке шалдыққандардың жалпы саны 90936 адамға жетіп отыр. Бұған дейін хабарлағанымыздай,  Қытайда вирусты 80 151 адам жұқтырған. Елде дерт құрбандарының саны 2943-ке жетті. Ал Оңтүстік Кореяда коронавирустың жаңа түріне шалдыққан екі мыңға жуық науқас үйлерінде емделуге мәжбүр. Өйткені жергілікті ауруханаларда оларды жатқызатын орын жоқ. Ел билігі коронавирустың таралу қарқынын дұрыс болжай алмағандықтан, науқастар кезек күтуге мәжбүр болғанын мойындады.   Соңғы дерек бойынша, Оңтүстік Кореяда CoVID-2019 инфекциясына шалдығудың 4812 жағдайы тіркелген. Вирус 29 адам өмірін қиды.