СҚО-да “Қара касса” ойынына қатысты тергеу жүргізілуде
СҚО-да “Қара касса” ойынына қатысты тергеу жүргізілуде
Солтүстік Қазақстан облысында соңғы күндері әлеуметтік желіде көп таралған “Қазандық” немесе “Қара касса” ойындарына қатысты тергеулер жүргізіліп жатыр, деп хабаралайды Polisia.kz.
Петропавлдық полицейлер “Қазандық” ойынына белгісіз адамадарға ақша жіберуге байланысты алаяқтық фактісі бойынша екі қылмыстық істі тергеуде. Қалалық полицияға WhatsApp желісінің тобына кіріп, 14 300 теңгеден берген әйелдерден өтініштер келіп түсті. Петропавл қаласының 60 жастағы тұрғыны өз ақшасын тез арада көбейтіп алуға және қосымша табыс табуға үміттене отырып, алданғанын жеткізді.
Естеріңізге сала кетейік, ақпан айында “Қазандық” немесе “Қара касса” ойынына қатысуға шақыру туралы мессенджерлерді жаппай тарату басталды. Оның мәні-ойынға кіретін әрбір адам 14300 теңге салып, сол соманы беруге дайын тағы екі адамды өзімен алып келуі керек. Алайда, өтініш берушінің айтуынша, топ әкімшісі оны ойынға шақырған. Қажетті қатысушылар санын жинап, топтан шығып кеткен.Ал қалғандары уәде етілген ақшаға қолдары жетпеді.
Петропавлдық қызға алданып, осындай сызбада тез табысқа жететіне сенген Көкшетау тұрғыны баяндады. Аталған фактілер бойынша ҚР Қылмыстық Клдексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.
“Қандай да бір ойындардың, күмәнді сипаттағы мәмілелердің шарттарына келісе отырып, мұндай салымдардың қауіптілігін түсіну қажет. Оңай табыс алуға тырысып, көптеген адамдар алданып жатыр. Тек ақшадан айырылып қана қоймай, күдіктілер санатына енетініңізді есте сақтау керек. Бұған дейін уәкілетті органдардың қызметкерлері түсіндіргендей, салымшыларға кезекті салымшылардың жарналары есебінен табыс төлеу,ешқандай кәсіпкерлік қызметтің болмауы – қаржы пирамидасының белгілері”, – деді СҚО ПД бастығының орынбасары Еңбек Сембин.
Әдетте, ойынға бірінші келген адам өз табысын тауып үлгереді. Соңынан қосылған салымшылар ақшасынан айырылады. Алайда, соңғы жылдардың тәжірибесі көрсеткендей: әрбір қаржы пирамидаларынан салымшылар жеңіл ақша алғысы келеді. Полицейлер мұндай ұсыныстарға мұқият қарауға кеңес береді.