"Оскар" иегеріне кәмелетке толмаған қызды зорлады деген айып тағылды

"Оскар" иегеріне кәмелетке толмаған қызды зорлады деген айып тағылды

"Оскар" иегеріне кәмелетке толмаған қызды зорлады деген айып тағылды
ашық дереккөзі
Белгілі америкалық актер әрі режиссер, 1981 жылы «Оскар» иегері атанған Тимоти Хаттонға кәмелетке толмаған қызды зорлады деген айып тағылуда, деп хабарлайды Buzzfeed. Порталдың жазуынша, оқиға 1983 жылы Канаданың Ванкувер қаласында «Мұз адам» фильмінің түсірілімі жүріп жатқан уақытта болған. Шағымданушы Сара Джонсонның айтуынша, Хаттон және оның достары 14 жасар жасөспірім мен оның құрбыларын қонақүйдегі бөлмесіне шақырған. Сол жерде актер мен оның достарының бірі жәбірленушіні зорлаған. 2019 жылы 50 жастағы Джонсон Ванкувер полициясына шағым түсіріп, Хаттонның үстінен қылмыстық іс қозғауды өтінген. Әйелдің айтуынша, оның осыншама уақыттан кейін болған оқиға жайлы айтуына зорлық-зомбылық құрбандарына қолдау көрсететін #MeToo қоғамдық қозғалысының күшеюі себеп болыпты. Оған дейін жәбірленуші өз сөзіне ешкім сенбейді деп қорықса керек.  width= Хаттон бұл айыпты жоққа шығарып отыр. Оның адвокатының айтуынша, актер Сара Джонсонды ешқашан кездестірмеген және бұл айып өнер иесінен ақша бопсалау мақсатында тағылып отыр.  Хаттонның БАҚ-қа жасаған мәлімдемесіне сүйенсек,  екі жарым жылдан бері Сара Джонсон актерді бопсалап, талаптары орындалмаған жағдайда журналистердің көмегіне жүгінетінін айтып қорқытып келген. Ол Федералды тергеу бюросына Джонсонның үстінен шағым түсірген көрінеді.