Өзбекстан Ауғанстан, Иран және Италиямен әуе байланысын тоқтатты

Өзбекстан Ауғанстан, Иран және Италиямен әуе байланысын тоқтатты

Өзбекстан Ауғанстан, Иран және Италиямен әуе байланысын тоқтатты
ашық дереккөзі

Өзбекстан ел аумағына коронавирустың кіруіне және жайылуына жол бермеуі үшін 1 наурыздан бастап Ауғанстан, Иран және Италиямен әуе қатынасын уақытша тоқтатты.

Бұл туралы елдің көлік министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі. 

Өзбек билігі Ауғанстан, Иран және Италияда жағдай жақсармайынша, азаматтарын аталған елдерге бармай тұруға шақырды. Осыған дейін Өзбекстан Ташкент және Сеул қалаларының ортасындағы әуе қатынастарын уақытша тоқтатқаны хабарланған.