Қытайда коронавирус жұқтырған науқастың екі өкпесі ауыстырылды

Қытайда коронавирус жұқтырған науқастың екі өкпесі ауыстырылды

Қытайда коронавирус жұқтырған науқастың екі өкпесі ауыстырылды
ашық дереккөзі
Қытайда коронавирус жұқтырған науқасқа күрделі ота жасалды. Дәрігерлер пневмонияның жаңа COVID-19 типі анықталған ер азаматтың екі өкпесін ауыстырды, деп хабарлайды Рамблер. Науқасқа қытайлық провинциялардың бірінде қайтыс болған донордың өкпесі берілді. Ота бес сағатқа созылып, сәтті аяқталған. Операция Қытайдағы өкпе ауыстыру бойынша ең мықты маман Чэнь Цзинъюйдің  қадағалауымен жасалған. Мамандардың айтуынша, қазіргі таңда 59 жастағы ер адамның денсаулығы тұрақты, отадан кейін оның жаңа өкпесі қалыпты жұмыс атқаруда. Айта кетейік, соңғы тәулікте Қытайда коронавирустан көз жұмғандар қатары 31 адамға артып, дерт құрбандарының жалпы саны 2943-ке жетті. Елде вирусты 80 151 адам жұқтырған. Олардың 47 204-і аурудан айықты. Өткен тәулікте 2,8 мың адам ауруханадан шығарылған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, бүгінде коронавирус Қытайдан бөлек, әлемнің 64 еліне тарап үлгерген.