Италиядан оралған ресейліктен коронавирус анықталды

Италиядан оралған ресейліктен коронавирус анықталды

Италиядан оралған ресейліктен коронавирус анықталды
ашық дереккөзі
Италиядағы демалысынан оралған ресейліктен коронавирус анықталды, деп хабарлайды ТАСС. Коронавирусқа қатысты жағдай мониторингін бақылау бойынша оперативті штаб аурудың жеңіл түрде өтіп жатқанын хабарлады. "2 наурыз күні Италиядан оралған Ресей Федерациясы азаматынан COVID-2019 коронавирустық инфекциясы анықталды", - деді штабта. Жас жігіт 21 ақпанда Италияда демалып жүрген уақытта ауырған. Ол Ресейге 23 ақпан күні келіп, 27 күні ЖРВИ белгілерімен емханаға жүгінген. Осыдан кейін ол ауруханаға жатқызылған. Лабораториялық тексерістің нәтижесінде оның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Айта кетейік,  әлем бойынша коронавирус жұқтырған науқастардың саны 87 мың адамнан асып жығылды. Аурудың ел аумағына таралуына жол бермеу үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік шараларды өткізбеу туралы шешім қабылдады.