Амандық Баталов өзінің жаңа орынбасарын таныстырды
Амандық Баталов өзінің жаңа орынбасарын таныстырды
Алматы облысының әкімі Амандық Баталов өзінің жаңа орынбасарын таныстырды.
ҚазАқпараттың хабарлауынша, бұл қызметке облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарған Серік Тұрдалиев қайта тағайындалды.
Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылы Алматы облысы әкімінің орынбасары болған Серік Тұрдалиев бұл қызметтен өз еркімен кететінін әлеуметтік желіде жариялаған болатын.
«Биыл Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалғаныма 5 жыл толды. Әрине, бұл - аз уақыт емес. Осы жылдар ішінде тәжірибе жинақтадым. Көптеген жұмыстар атқарылды. Бірақ әр нәрсенің өз уақыты бар және жаңа көзқарас қажет. Сондықтан басшылықтан мені өз еркіммен жұмыстан босатуды сұрадым», - деп жазған еді Серік Тұрдалиев Facebook парақшасында 2017 жылдың маусым айында.
Айта кетейік, Серік Тұрдалиев бұған дейін осы қызметті атқарған Бағдат Манзоровтың орнына келді. Облыс әкімінің орынбасары болып Серік Тұрдалиевтің тағайындалғанын аталған ведомствоның баспасөз қызметі растады.