Президент Халықаралық әйелдер күніне арналған шараларды өткізбеуді тапсырды

Президент Халықаралық әйелдер күніне арналған шараларды өткізбеуді тапсырды

Президент Халықаралық әйелдер күніне арналған шараларды өткізбеуді тапсырды
ашық дереккөзі
Президент Қасым Жомарт Тоқаев өзінің твиттердегі парақшасында қауіпсіздік шараларына байланысты әйелдер күніне арналған мерекелік шаралардың өтпейтінін хабарлады. «Халықаралық әйелдер күніне орай Нұр-Сұлтан қаласында жоспарланған салтанатты жиын мен мерекелік концертті өткізбеу жөнінде шешім қабылдадым. Бұл әлемде коронавирустың таралуына байланысты қауіпсіздік шарасы үшін жасалып отыр. Ардақты аналар мен аруларға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін», – деді Мемлекет басшысы өз жазбасында.