Вице-министр қай елдерге әуе рейстері тоқтатылатынын айтты

Вице-министр қай елдерге әуе рейстері тоқтатылатынын айтты

Вице-министр қай елдерге әуе рейстері тоқтатылатынын айтты
ашық дереккөзі
Коронавирустың ел аумағында таралуына жол бермеу үшін бірқатар мемлекеттерге әуе рейстері шектелді. Сондай-ақ, бірнеше елмен арадағы әуе байланысы уақытша тоқтатылмақ. Бұл жөнінде Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев мәлімдеді.  «Қазақстан мен Қытай арасындағы барлық тұрақты рейстер (аптасына 34 рейс) 2020 жылғы 3 ақпаннан бастап тоқтатылған. Ведомствоаралық комиссияның шешімі бойынша 2020 жылғы 1 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан – Сеул және Алматы – Сеул бағыттары бойынша тұрақты рейстердің саны аптасына 9-дан 3-ке дейін қысқарды», - деді Берік Қамалиев.  Сонымен қатар, вице-министрдің айтуынша, «Mahan Air» әуе акомпаниясының Алматы – Тегеран бағыты бойынша рейстері 1 наурыздан бастап тоқтатылады.  «5 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан – Баку рейсі тоқтатылады. Алматы - Баку рейсін 5-тен 1 рейске дейін шектеп жатырмыз. Ақтау-Баку рейсін 7-рейстен 1 рейске дейін, Нұр-Сұлтан-Токио әуе бағдары 2-ден 1 рейске дейін шектеледі», - дейді Б.Қамалиев. Аталған рейстерге билет алған жолаушылар 1 наурыздан бастап билет құнын айыппұл санкцияларынсыз және толық көлемде қайтара алады.