«Оқжетпес» футболшылары жалақысыз ойнап жүр

«Оқжетпес» футболшылары жалақысыз ойнап жүр

«Оқжетпес» футболшылары жалақысыз ойнап жүр
ашық дереккөзі
«Оқжетпес» ойыншылар алдындағы сыйақылар бойынша өткен жылдағы қарызын өтемеген. Көкшелік команданың басшылығы «қарыз өтеледі» деген кепілдемелік хат жазған еді. Алайда оның мерзімі 31 қаңтар күні өтіп кетті. «Оқжетпес» ойыншылары әлі де ҚПЛ-2019 чемпионатының сыйақыларын, сондай-ақ осы жылдың екі айындағы жалақыларын ала алмады, деп хабарлайды prosports.kz. Сонымен қатар ойыншылар ескі жейдеде жаттығуға мәжбүр. Клубта жаңа маусымға арналған ойын формасы да жоқ. Команда қатарына жаңадан қосылған футболшылар үшін бұл таңқаларлық жағдай болды. Еске салайық, өткен жылы Премьер-лигаға оралған «Оқжетпес» маусымды жетінші орында аяқтаған еді.