Жаңалықтар

Тарихи келісім: АҚШ пен Талибан 19 жылға созылған соғысты аяқтады

ашық дереккөзі

Тарихи келісім: АҚШ пен Талибан 19 жылға созылған соғысты аяқтады

АҚШ пен «Талибан» қозғалысы Катарда бейбіт келісімге қол қойды. Құжатқа сай Америка 135 күн ішінде ауған жеріндегі 5 әскери базасынан өз жауынгерлерін әкетуі тиіс, деп хабарлайды «Хабар 24». Бұған қоса, келісімде көрсетілгендей, тараптар тұтқындармен алмаспақ. Дәлірек айтқанда, Құрама Штаттар мен Ауғанстан 10 наурызға дейін 5 мың тұтқынды босатса, тәліптер мың адамды түрмеден шығармақ. Айта кетейік, екі тарап өзара келісімге келу үшін бір жылдан аса уақыт қажет болды. Жалпы мамандардың айтуынша, бұл құжат Ауғанстандағы ұзақ жылдар бойы жалғасып келген соғыстың аяқталуына алғашқы қадам болуы мүмкін.