Том Круз коронавирус жұқтырды деген күдікпен карантинге жатқызылды

Том Круз коронавирус жұқтырды деген күдікпен карантинге жатқызылды

Том Круз коронавирус жұқтырды деген күдікпен карантинге жатқызылды
ашық дереккөзі
Әлемге әйгілі америкалық актер Том Круз коронавирус жұқтыру қаупіне байланысты карантинге жатқызылды. Актердің түсірілім алаңындағы өзге әріптестері де оқшауландырылды, деп хабарлайды Daily Mail. Басылымның хабарлауынша, карантин жарияланған уақытта актер Венецияда «Орындалмайтын міндет»( «Mission: Impossible») фильмінің кезекті бөлімін түсіріп жатқан. Италияда коронавирустың тарау жылдамдығы артуына байланысты түсірілім тобы жұмысты уақытша тоқтатуға мәжбүр болған. Карантинге жатқызылғандар арасында Том Круздан бөлек, белгілі актер Саймон Пегг те бар. Бүкіл түсірілім тобы кезекті сахна түсіріліп жатқан қонақ үйде оқшауланбақ. Әзірге олардың ешбірінен коронавирус анықталмағаны хабарланды. Айта кетейік, бұған дейін Жапонияда коронавирус жұқтырғандар саны 947-ге жеткенін, сондай-ақ, елде қатерлі індеттен 12 адам көз жұмғанын хабарлаған болатынбыз. Сондай-ақ,  Австралияда Diamond Princess круиздік лайнерінің жолаушысы қайтыс болғаны белгілі болды. Науқас 79 жастағы әйелімен бірге  елге жеткізілгеннен кейін Перт қаласындағы ауруханада карантинде жатқан.