Президент Қордай ауданындағы Қаракемер ауылының тұрғындарымен кездесті
Президент Қордай ауданындағы Қаракемер ауылының тұрғындарымен кездесті
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының Қордай ауданындағы Қаракемер ауылының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қасым-Жомарт Тоқаев кездесуде 1 наурыз Алғыс айту күні Жамбыл облысының Қордай ауданына жұмыс сапарымен арнайы келгенін айтты. Президент бұл күні тойлаудан гөрі, ауыл тұрғындарымен өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасуды жөн көрген.