Президент Қордай ауданындағы Қаракемер ауылының тұрғындарымен кездесті

Сондай-ақ!

Жазасын өтеп жатқан орыс баласы домбыра тартуды үйренген

Елімізде өзге ұлт өкілдерінің домбырамен күй тартып, домбыраға қосылып қазақтың әнін шырқауы бүгінде соншалықты таңсық нәрсе емес, бірақ темір тордың аржағында отырып домбыра үйренуге...

«Бұларың Отан үшін қауіпті!». Балғынбек Имаш әнші Қарақат пен Алтынайды сынға алды

Айтыскер ақын Балғынбек Имаш Түркиядан үй сатып алғанын желіде жариялап, жарнама жасаған Алтынай Жорабаева мен Қарақат Әбілдинаны сынады. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды. «Мен үшін...

Қайрат Нұртастың әйелі «Әлем ханымы–2020» байқауына қатысады

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова Қазақстанның атынан «Әлем ханымы–2020» байқауына қатысады. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында хабарлады. «Биыл «Әлем Ханымы-2020» – «Миссис Вселенная» байқауында Қазақстанды таныстырамын....

Қазақ хандығы дәуірінің ұлы жырауына лайықты құрмет көрсеттік пе…

Мемлекетті мемлекет ететін идеология болса, бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның талассыз негізі 15-ғасырда құрылған Қазақ хандығының идеологиясын жүргізген тұлғалардың негізгілері − ақындар. Соның бірегейі − Қазтуған...

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының Қордай ауданындағы Қаракемер ауылының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаев кездесуде 1 наурыз Алғыс айту күні Жамбыл облысының Қордай ауданына жұмыс сапарымен арнайы келгенін айтты. Президент бұл күні тойлаудан гөрі, ауыл тұрғындарымен өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасуды жөн көрген.

Президент Қордай ауданындағы Қаракемер ауылының тұрғындарымен кездесті

– Қордайда болған оқиға халқымызды дүр сілкіндірді, бүкіл әлемді елең еткізді. Шыны керек, бұл жанжал мемлекетімізге, елімізге нұқсан келтірді. Абыройымызға зияны тиді. Енді тұтас ұлт болып осындай теріс тәжірибеден сабақ алуымыз керек. Ең алдымен, келешекте мұндай қасіретті болдырмау үшін тиісті шара қолдануымыз қажет, – деп атап өтті Президент.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатының арқасында Қазақстанның әлем жұртшылығына беделді, абыройлы, қарқынды дамып келе жатқан ел ретінде танымалғанын қордайлықтарға айта келе, ендігі міндет осы жетістіктерді сақтап қалу, оны барынша арттыру екенін атап өтті. Жамбыл облысының жаңа басшылығының алдына аймақтың өсіп-өркендеуін тежейтін кедергілерді жойып, халықтың әл-ауқатын арттыратын шаралар қабылдау міндеті қойылды.

– Қақтығыс болған жерде ешқашан, ешқандай даму болмайды. Бұл – заңдылық. Өкінішке қарай, облыс басшылары бұл заңдылықты дұрыс түсінген жоқ. Сондықтан облыс басшылары, соның ішінде құқық қорғау органдарының басшылары толығымен ауыстырылды, қызметкерлер жұмыстан босатылды. Жаңа басшылар тағайындалды. Солардың арасында Бердібек Сапарбаев бар. Бұл азаматты жақсы танисыздар. Тәжірибесі мол мемлекеттік қызметші. Оның алдында тұрған мақсат – тұрақсыздыққа түрткі болатын жағдайларды түбегейлі жою және өңірдің дамуына серпін беру, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, Тәуелсіздіктің арқасында қазақ халқы шын мәніндегі мемлекет құраушы ұлтқа айналды. Мұның маңызы терең. Ең алдымен, бұл – мемлекетіміздің болашағы үшін ерекше жауапкершілік, қасиетті борыш. Ауыл ақсақалдары осы бағытта жұмыс жүргізіп, елдегі береке-бірлікті нығайтып, жастарымызға дұрыс жол көрсетіп, тәрбие беруі керек.

– Төл халқымыздың шынайы қасиеттері, болмысы қандай болуы керек? Бұл, ең алдымен, кеңшілік, жомарттық, жайсаңдық, жасампаздық деген сөз. Біз басқа ұлттарға, өзге елдерге өнеге, үлгі көрсетуіміз керек. Қазақ халқы бейқам, жалқау, еріншек, оның қолынан ешқандай жұмыс келмейді деген жағымсыз әңгімелерді доғару қажет. Бірақ осындай теріс пікірлерді тоқтату үшін өзіміздің еңбекқорлығымызды көрсетуіміз керек, – деп Мемлекет басшысы ақсақалдарды ұрпақ тәрбиесінде белсенділік танытуға шақырды. Президент тергеу жұмыстары заңға сәйкес жүргізілетінін, заң алдында бәрі тең екенін айтып, Қордайдағы жергілікті қызметкерлердің пара алу және шекара арқылы заңсыз сауда жасау мәселелерін шешуді тапсырды.

– Ауданда бір топ адам белсенді түрде контрабандамен айналысып жүрген. Бұл – белгілі нәрсе. Осы іске басқа топ та қатысқысы келген. Бір сөзбен айтсақ, заңсыз табыс көзі үшін екі қылмыстық топтың арасында текетірес пайда болған. Бұл текетірес салдарынан көп адам зардап шекті. 11 адам қаза тапты. Оны ашық айту керек. Енді құқық қорғау органдарының алдында тұрған мақсат – барлық қылмыскерлерді ұлтына қарамай, заңға сәйкес жазаға тарту. Онсыз елімізде тәртіп болмайды, – деді Президент.

Сондай-ақ кездесуде Қордай аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбдібек Сейілханов, Жамбыл облысының «Құрметті азаматы» Төле Сүгірбай сөз сөйлеп, аудандағы әлеуметтік және басқа да мәселелерді шешу жөнінде өз ойларын ортаға салды.

– Ұлтаралық татулық – біздің ең басты құндылығымыз. Сондықтан оған сызат түсірмеуіміз керек, – деп Қасым-Жомарт Тоқаев жиынды қорытындылады.

Бұдан кейін Мемлекет басшысы Қаракемер ауылының спорт кешеніне барып, жас спортшылардың жаттығу барысын көрді. Болашақ спортшыларға табыс тілеп, оларға қажетті доптар мен бокс қолғаптарын сыйға тартты.

 

Редакция таңдауы

Димаш Құдайберген сүйіктісі бар-жоғын айтты

Әлемге әйгілі әнші Димаштың жеке өмірі қызықты әрі құпия. Әншінің миллиондаған тыңдарманына «оның жүрегін жаулап алған кім ?» деген сұрақ қызықты, алайда әнші өз...

Генерал Б. Жанасаев: Елбасының сенімінен асқан жауапкершілік жоқ

Құқықтық тәртіп әскерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан сардарлар аз емес. Олардың әр қайсысының өз орны бар. Десе де, өмірлік тәжірибесі бай, Елбасының сенімін...

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...
Джо Байден

Джо Байден аяғынан ақсады

АҚШ-тағы президент сайлауда жеңімпаз болған Демократиялық партиясының өкілі Джо Байден аяғын жарақаттап...
Намбарын Энхбаяр Назарбаев

Намбарын Энхбаяр: Көреген және батыл болудың себебі (Елбасы туралы)

Моңғолияның үшінші Президенті Намбарын Энхбаярдың Тұңғыш Президент күніне орай жазған “Көреген және...
отшашу

1 желтоқсанда отшашу және бұқаралық іс-шаралар өту-өтпеу туралы белгілі болды

1 желтоқсанда Нұр-Cұлтан мен Алматыда сауда ортылықтары мен қоғамдық көліктің жұмыс режимі...
қазақ мәдени орталғы

Украинада қазақ мәдени орталығы ашылды

Украинада «Abai Uii» қазақ мәдени-іскерлік үйі ашылды, деп хабарлайды «Отандастар қоры» баспасөз...

Алматының аруы – Асият (фото)

 «Алматы аруы – 2020» байқауының жеңімпазы болып 20 жастағы  Асият Исембаева танылды....

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...