Жапонияда коронавирус жұқтырғандар саны 947-ге жетті
Жапонияда коронавирус жұқтырғандар саны 947-ге жетті
Жапонияда коронавирус жұқтырғандар саны 947-ге жетті. Елде қатерлі індеттен 12 адам көз жұмды, деп хабарлайды РИА Новости.
50-ге тарта науқас ауыр халде жатыр. Вирустың таралуына байланысты Жапония билігі барлық бұқаралық іс-шараларды кейінге қалдыруды бұйырған. Елде мектептер мен университеттер де жұмысын уақытша тоқтатты.
Бұдан бөлек, ел үкіметі коронавируспен күресу үшін қосымша шараларды қолға алды. Атап айтқанда, ауру жұқтыру деректері күрт өскен жағдайда ауруханаларда науқастарды қабылдауға қосымша 5 мың орын әзірленбек.
Айта кетейік, бұған дейін Финляндияда коронавирус жұқтырудың жаңа 2 дерегі анықталғанын хабарлағанбыз.
Вирус зейнет жасындағы ер адамнан және бүлдіршіннен анықталған. Екеуі де үйлерінде карантинде жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, науқастардың жағдайы тұрақты.