Жаңалықтар

Финляндияда коронавирус жұқтырудың 2 жаңа дерегі тіркелді

ашық дереккөзі

Финляндияда коронавирус жұқтырудың 2 жаңа дерегі тіркелді

Финляндияда тағы 2 адам коронавирус жұқтырғаны анықталды. Бұл туралы Хельсинки университетінің ауруханасы (HUS) хабарлады. «COVID-19 инфекциясы бұдан бұрын ауру жұқтырған адаммен байланыста болған екі азаматтан анықталды», – делінген аурухана хабарламасында. Вирус зейнет жасындағы ер адамнан және бүлдіршіннен анықталған. Екеуі де үйлерінде карантинде жатыр.  Дәрігерлердің айтуынша, науқастардың жағдайы тұрақты. Айта кетейік, Финляндия тұрғынынан коронавирус алғаш рет 26 ақпанда анықталған болатын. Ал қауіпті дертті жұқтырудың екінші дерегі 28 ақпанда тіркелді. Италиядан оралған әйелдің  COVID-19 инфекциясына шалдыққаны белгілі болды. Сондай-ақ, бұған дейін Австралияда коронавирустан алғашқы өлім тіркелгенін хабарлағанбыз. 78 жастағы қария вирусты Жапониядағы Diamond Princess круиздік лайнерінде саяхаттап жүрген кезінде жұқтырған. Әлемде эпидемиологиялық ахуалдың тұрақсыздығына байланысты еліміз коронавируспен күрес шараларын күшейтті. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер «Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның алдын алу шараларын одан әрі күшейту туралы» қаулы қабылдады. Қаулы бүгіннен, 1 наурыздан бастап күшіне енді. Бұдан бөлек, Алматы қаласының әуежайында Қытай және Ираннан келетін жолаушыларға  арналған жаңа транзиттік зал ашылды.