Алматы әуежайында Қытай мен Ираннан келушілерге арналған транзиттік зал ашылды

Сондай-ақ!

Қазақстандық режиссердің туындысы халықаралық фестивальде жеңіске жетті

Катарда қазақстандық Алина Мұстафинаның деректі фильмі Ajyal Film Festival жүлдесін жеңіп алды.Бұл туралы кинофестивальдің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында хабарланды. А. Мұстафинаның «Андер» фильмі фестивальдің...

Қыз бен жігіт 25 қабатты үйдің балконынан секіріп қаза болды

Қыз бен жігіт 25 қабатты үйдің балконынан секіріп қаза болды,-деп хабарлайды turkystan.kz "КТК" арнасы таратқан ақпаратқа сүйеніп. Ақтөбеде 17 жастағы қыз және 18 жастағы жігіт...

ЛГБТ-фестивальде үздік деп танылған фильмді Қазақстанда көрсетуге министрлік рұқсат берді

Алматыда қазақстандық режиссер Әсел Аушакимованың Welcome to the USA фильмінің жабық көрсетілімі өтті. Картина Нью-Йорктегі XXXII ЛГБТ кинофестивалінің «үздік шетел фильмі» номинациясы бойынша бас...

Түркістан облысында жаңа шектеулер енгізілді

Түркістан облысы аумағында карантиндік шектеулер мерзімі ұзартылды. Бұл туралы аймақтың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Нұрбек Нышановтың жаңа қаулысында айтылған. Қаулыға сәйкес, облыста спорттық шараларды өткізуге...

Алматыда қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаровтың төрағалық етуімен коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі аймақтық штабтың отырысы өтті. 

ҚазАқпараттың хабарлауынша, жиында Алматының қазіргі жағдайы пысықталып, әлем бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырушылар санының күрт өсуі ескеріле отырып қабылданатын санитарлық-карантиндік бақылауды күшейту туралы шаралар барысы сөз етілді.

1 наурызынан бастап Қазақстанның бас санитарлық дәрігерінің Қазақстандағы коронавирус инфекциясының алдын алу шараларын одан әрі күшейту туралы» қаулысы күшіне енді. Осылайша өзге елдердегі коронавирустың таралу деңгейін ескеріп, эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізудің үш жіктемесі анықталды.

Бірінші санатқа сәйкес ҚХР, Иранда 14 күнге медициналық бақылау арқылы арнайы бөлінген үй-жайларға оқшауланады. Ол жерден шығарылғаннан кейін 10 күннің ішінде бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының бақылауында болмақ.

Ал Гонконг, Макао, Тайвань, Оңтүстік Корея, Жапония, Италияда күнделікті медициналық қызметкердің бақылауында әрі 10 күн бойы үйінде карантинге жабылады.

2 санат – Сингапур, Тайланд, Әзербайжанда – 14 күн бойы медицина қызметкерінің бақылауында болып, содан кейін 10 күн қоңырау шалу арқылы қадағалауға алынады.

3 санат – Германия, АҚШ, БАӘ, Ұлыбритания, Франция, Бахрейн, Кувейт, Испания, Малайзия – ҚР шекарасын кесіп өткен күннен бастап 24 күн бойы қоңырау шалу арқылы медицина қызметкерінің бақылауына алынады. Бүгінде Алматыдағы барлық емханаларда оқшаулағыш, провизорлық төсектер дайын.

Сүзгілердің жұмысы қалыпты, респираторлар мен вирустан қорғайтын басқа да құралдар саны жеткілікті. Коронавирустық инфекцияға күдікті адамдарды жедел тексеру жүргізіледі. Қосымша төсек-орындар ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдануда.

«Қаланың медициналық ұйымдары коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу үшін өзінің функционалдық міндеттерін орындауға дайын. Қаланың медициналық кадрларымен дайындық жұмыстары жүргізілді. Медицина қызметкерлері коронавирустық инфекцияның тапалуына жол бермеу үшін іс-шараларды жүзеге асыруға толық дайын», – деді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев.

Мегаполистегі барлық көлік бағыттары да бақылауға алынды. Халықаралық әуежай аумағында профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізуге ерекше көңіл бөлінеді. Коронавирустық инфекция жағдайлары тіркелген елдерден келген барлық адамдар эпидемиологтардың бақылауына алынды. Алматыға 6 ақпаннан бастап 13 мыңнан астам жолаушы келді. 35-ке жуық эпидемиолог қалаға келген барлық рейстерді тексерді.

«Келген адамдарға біз тұрақты медициналық бақылау жүргіземіз», – деді қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова.

Алматы қаласының әуежайында қосымша 1 санаттағы жолаушыларға арналған жаңа транзиттік зал ашылды.

Отырыс қорытындысы бойынша өңірлік штаб төрағасы Е. Бабақұмаров барлық мемлекеттік мекемелерге, оның ішінде мектептерге, жоғары оқу орындарына жалпыға ортақ пайдалануға қолжетімді антисептикалық және дезинфекциялық құралдардың болуына бақылауды күшейтуді тапсырды.

Вирустардан қорғайтын құралдар адамдар көп шоғырланатын жерлерге де қойылуы тиіс. Тиісті ұсыным хаттар сауда орталықтарының, ХҚКО және т.б. әкімшіліктеріне жіберілді. Бұдан басқа тұрғындар арасында да вирустың алдын алуын қамтамасыз ету шаралары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту керектігі жүктелді.

 

Редакция таңдауы

Қазақ каскадері «Таурус» сыйлығын алды

Nomad Stunts каскадерлар тобының негізін қалаушы, каскадер, актер Жайдарбек Күнғожинов Әлемдік каскадерлар академиясының (АҚШ) «Таурус» премиясын жеңіп алды. Жайдарбек Күнғожинов каскадерлар арасында «Оскар» сыйлығына теңелетін...

Біреуге ақыл, біреуге ақша керек

Қазір мобильді құрылғылар мен әлеуметтік желі өміріміздің ажырамас бір бөлігіне айналды. Биыл әлемде 4,5 млрд адам интернетке жүгінген. Қазіргі таңда жер бетіндегі халықтың жартысынан...

Арғынбек Шегебай: Facebook қызметкерлері Цукербергке сын айта алады

2004 жылы Гарвард университетінің бір топ студенттері ойлап тапқан Facebook желісін бүгінде күн сайын дүниежүзі бойынша екі миллиард жеті жүз миллионға жуық қолданушы пайдаланады....

Досмұхамбет Кішібеков: Аштықты да, соғысты да көрдім, тәуелсіздікке тәуба

Кім-кімге де ұзақ өмір сүру маңызды шығар, бірақ уақытты босқа өткізбейтін, ғұмырының бар кезеңі талпынысқа толы жандардың өсу, жетістікке жету жолындағы жанқиярлық еңбегі әрдайым...

Алматыда көше бойындағы ағаштарды жаппай отап тастаған мердігерлер жазаланды

Алматы қалалық Жасыл экономика басқармасы сауда үйінің алдындағы ағаштардың жаппай кесілуінің мән-жайын...

Қазақстандық режиссердің туындысы халықаралық фестивальде жеңіске жетті

Катарда қазақстандық Алина Мұстафинаның деректі фильмі Ajyal Film Festival жүлдесін жеңіп алды.Бұл...
Қыз бен жігіт

Қыз бен жігіт 25 қабатты үйдің балконынан секіріп қаза болды

Қыз бен жігіт 25 қабатты үйдің балконынан секіріп қаза болды,-деп хабарлайды turkystan.kz...
ЛГБТ

ЛГБТ-фестивальде үздік деп танылған фильмді Қазақстанда көрсетуге министрлік рұқсат берді

Алматыда қазақстандық режиссер Әсел Аушакимованың Welcome to the USA фильмінің жабық көрсетілімі...

Түркістан облысында жаңа шектеулер енгізілді

Түркістан облысы аумағында карантиндік шектеулер мерзімі ұзартылды. Бұл туралы аймақтың Бас мемлекеттік...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...