Жаңалықтар

Бүгін – Алғыс айту күні

ашық дереккөзі

Бүгін – Алғыс айту күні

Бүгін  қазақстандықтар Алғыс айту күнін атап өтеді. Бұл – қиын-қыстау кезеңдерде елімізге қоныс аударып, халқымыздың мейірімі мен шапағатын көрген өзге ұлт өкілдерінің қазақ атаулыға алғыс айтатын күні. 2016 жылы 14 қаңтарда ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1 наурызды Алғыс айту күні деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Өйткені дәл 1 наурыз күні елімізде Қазақстан халқы Асссамблеясы құрылды. Бүгін айтулы күн елімізде бесінші мәрте аталып өтпек.