Жаңалықтар

Былтыр театрға 3 мил­лион­­дай көрермен барған

ашық дереккөзі

Былтыр театрға 3 мил­лион­­дай көрермен барған

Былтыр еліміздің театрларына 3 мил­лион­­дай көрермен барып­ты. 2019 жылы бас-аяғы 65 театр жұмыс істеген: оның 52-сі – мемлекеттік, 13-і – же­ке­меншік театр. Ал 2018 жылы қойылым ұсын­ған театр­лар саны 68 бол­ған. Ranking.kz жүргіз­ген ста­тис­ти­ка осылай дей­­­ді, – деп жазды aikyn.kz. Былтыр 16,6 мың рет спек­­такль қойылған. Бұл көр­­сет­кіш 2018 жылмен салыс­тыр­ғанда 0,2 пайызға төмендепті. Былтыр отандық театр сахналарында 343 жаңа қойылым ұсынылған. Ал 2018 жылы оның саны 350 бол­ған екен. Көрермендер жиі баратын ме­кеме – драма театрлар (35), қуыр­шақ театрлары (12) және жас көрермендерге арналған театр­лар (5). 2018 жылы жұмыс істейтін театр­лар мен ұсынылатын қойы­лымдар саны көп болғанымен, былтыр театрға 2,9 млн көрермен барып, алдыңғы жылмен салыс­тыр­ғанда 3,9% жоғары нәтиже көр­сетті. Оның 43,4 пайызы – жас көрермендер, яғни бала­лар көрінеді. Ең үлкен театрлар еліміздің ірі қалаларында орналасқан. Атап айтар болсақ, Алматы теа­тр­­ларына – 603,7 мың, Нұр-Сұл­тан театрларына – 410,6 мың және Шым­кент театрларына 304 мың кө­рермен барыпты.