Кәрім Мәсімов Qazaq kuresi қауымдастығының президенті болып тағайындалды

Кәрім Мәсімов Qazaq kuresi қауымдастығының президенті болып тағайындалды

Кәрім Мәсімов Qazaq kuresi қауымдастығының президенті болып тағайындалды
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан қаласында Qazaq kuresi қауымдастығының Конгресі болып өтті. Халықаралық Qazaq kuresi федерациясы, Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясы және Республикалық қазақ күресі федерациясының бірлескен Конгресінде сала мамандарының қолдауымен Qazaq kuresi қауымдастығы құрылды. Қауымдастықтың президенті қызметіне Кәрім Қажымханұлы Мәсімов сайланды. Конгресс барысында қауымдастық президенті: «Біздің негізгі мақсатымыз – қазақ күресін олимпиада ойындарының қатарына кіргізу. Қауымдастық өз кезегінде халықаралық ұйымдармен тығыз байланыс жасай отырып, қазақ күресін Олимпиада бағдарламасына енгізу жолында жұмыс жасайды»,  – деді. Сондай-ақ, Кәрім Қажымханұлы осы уақытқа дейін қазақ күресі саласында жұмыс жасап келген ұйымдардың бір қауымдастық аясына бірігуін үлкен жетістікке балады. Қазақ күресін әлемдік аренада дамыту мақсатында  Қауымдастық Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігі, Сыртқы істер министрлігі, Ұлттық Олимпиада комитетімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.