Наурызда күн райы қандай болмақ?

Наурызда күн райы қандай болмақ?

Наурызда күн райы қандай болмақ?
ашық дереккөзі
«Қазгидромет» РМК наурыз айына арналған ауа райы болжамын жариялайды. Бірінші онкүндіктің басында ауа температурасы түнде 5-10 градус аяз, шығыста кей жерлерде 15-20 градусқа дейін аяз, оңтүстік өңірлерде күндіз ауа температурасы 10-20 градусқа дейін жылынады. Наурыздың басында және ортасында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс аймақтардың кей жерлерінде қатты, екпінді жел 15-25 м/с дейін, солтүстік өңірлерде бұрқасынмен жауын-шашын күтіледі. Республика бойынша жиі тұман, солтүстік жартысында көктайғақ күтіледі. Жауын-шашынмен қатар ауа температурасы төмендейді. Бірінші онкүндіктің соңында Кар теңізінен жылжыған суық антициклонның әсерінен республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасы төмендеп, термометр бағаны түнде 10-15, кей жерлерінде 20-25 градусқа дейін аяз, күндіз ауа температурасы 5-13 градусқа төмендейді, оңтүстікте түнде 2-12 аязға дейін, күндіз 0-8 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Қазақстанның батысында бірінші онкүндіктің басында және ортасында жауын-шашын күтіледі, ауа температурасы түнде 0…8 аяздан 0…5 жылыға дейін, күндіз 0…5 жылыдан 5…13 жылыға дейін өзгереді. Наурыз айында ауаның орташа айлық температурасы Қазақстанның басым бөлігінде нормадан 1°С жоғары, оңтүстік – шығыс бөлігінде норма шамасында (норма: солтүстік жартысында – 3…9 аяз, оңтүстік жартысында – 2 аяз…8 жылуды құрайды). Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері нормадан көп, еліміздің батыс бөлігінде норма шамасында болады деп болжануда (ҚР басым бөлігінде норма 10-25 мм, тек оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс тау және тау бөктерлі аудандарында 30-90 мм.) Бір ай ішінде циклондар мен антициклондардың жиі ауысуы жауын-шашынның жиі түсуіне және ауа температурасының өзгеруіне себепші болады.