Бейсенбі, 1 Желтоқсан, 2022

Денсаулық кодексі: жас дәрігерлерді баспанамен қамту жөнінде норма енгізілмек

Халық денсаулығы туралы кодекске ауылға барған жас дәрігерді міндетті түрде баспанамен қамту жөнінде норма енгізілмек. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында ведомство басшысы Елжан Біртанов айтты, – деп жазды ҚазАқпарат.

«Ең маңызды мәселе – жас мамандарды әлеуметтік қолдау. Дәрігер жеткілікті болып, біз оларды ауылға жібергеннен мәселе шешілмейді. Мысалы, былтыр 2 мыңға жуық дәрігерді ауылды жерге жібердік. Бірақ, көп жағдайда олар 1-2 айдан кейін, ары кетсе 1 жылдан кейін басқа жерге ауысып жатыр. Оның себебі – қажетті қолдау жоқ. Ал әлеуметтік қолдау болмағаннан кейін ауылды жерде жұмыс істеу өте қиын болады», – деді Елжан Біртанов.

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта Халық денсаулығы туралы кодекс жобасы Парламент қарауында жатыр. Бұл құжатта ауылға барған жас мамандарды міндетті түрде баспанамен қамту туралы норма көзделген.

«Осы мәселе шешілсе, онда ауылдардағы медициналық кадр тапшылығын 1-2 жылдың ішінде жоюға мүмкіндік болар еді. Біз дәрігерлердің қажетті көлемін дайындап, өңірлерге жібереміз. Өңірлер оларға қолдау көрсетсе мәселе шешіледі. Олар 3 жыл жұмыс істегеннен кейін резидентураға түсуге, мамандықтарын шыңдауға мүмкіндіктері бар. Қолдау көрсетеміз», – деді Елжан Біртанов.

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button