Биыл Наурыз мерекесін тоғыз күн тойлаймыз

Сондай-ақ!

ЛГБТ-фестивальде үздік деп танылған фильмді Қазақстанда көрсетуге министрлік рұқсат берді

Алматыда қазақстандық режиссер Әсел Аушакимованың Welcome to the USA фильмінің жабық көрсетілімі өтті. Картина Нью-Йорктегі XXXII ЛГБТ кинофестивалінің «үздік шетел фильмі» номинациясы бойынша бас...

Түркістан облысында жаңа шектеулер енгізілді

Түркістан облысы аумағында карантиндік шектеулер мерзімі ұзартылды. Бұл туралы аймақтың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Нұрбек Нышановтың жаңа қаулысында айтылған. Қаулыға сәйкес, облыста спорттық шараларды өткізуге...

БҚО-да 81 бала коронавирус жұқтырған

Батыс Қазақстан облысында 81 баланың коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Светлана Темірғалиеваның айтуынша, індетке шалдыққан балалардың 72-сі – мектеп оқушылары, 9-ы...

«Халық шешсін!» Қырғызстан атауын өзгерту мәселесі көтерілді

«Қырғыз жолы» қоғамының жетекшісі Қадырбек Қошалиев Қырғызстан атауын өзгертуді ұсынды, деп хабарлайды 24.kg. Бішкекте өткен Конституциялық кеңесте Қ.Қошалиев мемлекет атауын «Қырғыз Халық Республикасы» деп өзгерту...

Қазақстан даму институты әзірлеген жаңа тұжырымдамада Наурыз мейрамы тоғыз күн өтетіні, әр күннің өз атауы болатыны туралы жазылған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен «Наурыз мейрамын мерекелеудің жаңа тәсілдері» тақырыбындағы брифингте айтылды, – деп жазды ҚазАқпарат.

«14 наурыз – Көрісу (Амал) күні. Бұл күні жұрт бір бірін ұлыстың алғашқы күнімен құттықтап, төс қағыстырып сәлемдесіп, көрісу рәсімін жасайды. Бір-бірімен араздасқан адамдар өзара кешірім сұрайтын, арасы алыстаған ағайын жақындасатын күн. 15 наурыз – Шежіре күні. Бұл күні отбасының, ел-жұрттың, жеті атаның тарихы айтылып, шежіресі таратылады. Сонымен қатар, жұртшылық мал сойып, өмірден озған ата-бабаларына құран бағыштайды. Әр отбасының үлкендері өмірден өткен ата-бабаларының, ағайын-бауырдың жақсы істерін, қуанышты сәттерін кейінгі ұрпаққа әңгімелеп береді. Елдің, өлкенің тарихы, ерлігі баяндалады. 16 наурыз – Жайлау күні. Айнала табиғатпен біте қайнасып өмір сүру көшпелі қазақ дүниетанымының бір бөлігін құраған. Бұл күні адамдар табиғат аясында серуен құрып қанай қоймай, сонымен қатар ондағы қоқысты тазартып, тал егіп, көшет отырғызады. Бұл өскелең ұрпақтың экологиялық, зияткерлік санасын дамытуға септігін тигізеді және денсаулығын жақсартады. 17 наурыз – Игі істер күні. Бұл күні әр адам мүмкіндігі келетін бір жақсы іс жасайды. «Волонтерлердің қатысуымен түрлі іс-шаралар өтеді. Сонымен қатар, наурызды тойлау апталығының бұл күні жоқ-жітімге, жарлы-жақыбайға қол ұшын беруге арналады. Жомарт жүректі азаматтар қоғамдық маңызы бар объектілер салуға, жөндеуге атсалысады. Осы күні жергілікті әкімдіктер түрлі қайырымдылық акцияларын ұйымдастырады», – дейді «Рухани жаңғыру» Қазақстандық қоғамдық даму институты жанындағы Рухани жаңғыру орталығының басшысы Жанар Бұқанова.

Ол әр атаулы күнді лайықты өткізуге шақырды.

«18 наурыз – Шымырлық пен шеберлік күні. Бұл күн ұлттық спортқа арналады. Жер-жерлерде, ипподромдарда ересектерге арналған көкпар, бәйге, қыз қуу, аударыспақ ұйымдастырылады. Ал, балалардың асық ату, ләңгі, тоғызқұмалақ, дойбы, арқан тартыс, қап киіп жарысу, жаяу тартыс, садақ ату т.б. ойындар ойнауына арналып арнайы орындар жасалады», – дейді ол.

19 наурыз – Зияткерлік күні. Осы күні балалардың зияткерлік әлеуетін, ақыл-ойын дамыту мақсатында мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, жырлар мен эпостардан үзінділер айтылады. Жастардың дәстүрлі қазақ мәдениетіндегі баланың санасын дамытуға бағытталған басқа да амал-тәсілдері дәріптеледі. 20 наурыз – Жоралғы күні. Бұл күні әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер айшықталады. Ұмыт бола бастаған жоралғылар жаңғыртылады, барлары заман талабына сай дамытылады. Салт-дәстүрдің, ырым-жырымның адам мен қоғам өміріндегі маңызы түсіндіріледі. Осы күні әр адам жақындарына сый-сияпат жасайды. Осы мақсатта коммерциялық ұйымдардың арнайы «Nauryz сыйлық» әзірлеуін қамтамасыз етуі керек. Ол адамдардың қалтасына қарай әртүрлі бағада болғаны жөн. 21 наурыз – Ұлттық тағамдар күні. Бұл күні әр үйдің дастарханында ұлттық тағамдар самсап тұрады. Қазақ ас мәзіріндегі көптеген тағам түрлері әзірленеді. Ұмыт бола бастаған, кең таралмаған тағамдарды жасаудың әдістері үйретіледі. 22 наурыз – Бұқара күні. Таңмен таласа барлығы күн шапағын қарсы алады, одан әрі бұқаралық мерекелік шеруге ұласады. Бұл күні арнайы орындарда мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады.

Редакция таңдауы

Қазақ каскадері «Таурус» сыйлығын алды

Nomad Stunts каскадерлар тобының негізін қалаушы, каскадер, актер Жайдарбек Күнғожинов Әлемдік каскадерлар академиясының (АҚШ) «Таурус» премиясын жеңіп алды. Жайдарбек Күнғожинов каскадерлар арасында «Оскар» сыйлығына теңелетін...

Біреуге ақыл, біреуге ақша керек

Қазір мобильді құрылғылар мен әлеуметтік желі өміріміздің ажырамас бір бөлігіне айналды. Биыл әлемде 4,5 млрд адам интернетке жүгінген. Қазіргі таңда жер бетіндегі халықтың жартысынан...

Арғынбек Шегебай: Facebook қызметкерлері Цукербергке сын айта алады

2004 жылы Гарвард университетінің бір топ студенттері ойлап тапқан Facebook желісін бүгінде күн сайын дүниежүзі бойынша екі миллиард жеті жүз миллионға жуық қолданушы пайдаланады....

Досмұхамбет Кішібеков: Аштықты да, соғысты да көрдім, тәуелсіздікке тәуба

Кім-кімге де ұзақ өмір сүру маңызды шығар, бірақ уақытты босқа өткізбейтін, ғұмырының бар кезеңі талпынысқа толы жандардың өсу, жетістікке жету жолындағы жанқиярлық еңбегі әрдайым...
Қыз бен жігіт

Қыз бен жігіт 25 қабатты үйдің балконынан секіріп қаза болды

Қыз бен жігіт 25 қабатты үйдің балконынан секіріп қаза болды,-деп хабарлайды turkystan.kz...
ЛГБТ

ЛГБТ-фестивальде үздік деп танылған фильмді Қазақстанда көрсетуге министрлік рұқсат берді

Алматыда қазақстандық режиссер Әсел Аушакимованың Welcome to the USA фильмінің жабық көрсетілімі...

Түркістан облысында жаңа шектеулер енгізілді

Түркістан облысы аумағында карантиндік шектеулер мерзімі ұзартылды. Бұл туралы аймақтың Бас мемлекеттік...

БҚО-да 81 бала коронавирус жұқтырған

Батыс Қазақстан облысында 81 баланың коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Облыстық білім басқармасы басшысының...

«Халық шешсін!» Қырғызстан атауын өзгерту мәселесі көтерілді

«Қырғыз жолы» қоғамының жетекшісі Қадырбек Қошалиев Қырғызстан атауын өзгертуді ұсынды, деп хабарлайды...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...