Дүйсенбі, 28 Қараша, 2022

Сотталушылар судьяның қатесін тауып, істі кері қайтарған

Алматыда асқан қатігездікпен өлтірілген Батура Мамедованың ісіне қатысты сот қайта басталды. Марқұмды өлтіргендер судьяның қатесін тауып, істі кері қайтарған.

КТК арнасының ақпарынша, соттағы салғырттықтың кесірінен аяқталған процесті қайта бастауға тура келіп отыр. Атышулы іс бойынша былтыр үкім шығып, ерлі-зайыпты екі азамат ұзақ мерзім арқалаған еді. Алайда сотталғандар судьяның жіберген қателігін тауып, істі кері қайтарды.

Сот мәжілісінде жәбірленуші жақ «біз қазақша түсінбейміз» деп айтқандықтан, осы істі қараған судья орысша жүргізген. Іс әуел баста қазақша қаралуы тиіс болған. Бірақ, сотталушыларға аудармашы қатыстырылған. Енді «істің тілі бұзылды» деп отыр.

Алайда жәбірленушілер қазақ тілін түсінбейтін болғандықтан, процесс басынан аяғына дейін орыс тілінде өткен. Үкім шығып қойған соң, сотталушылар құқығының бұзылғанын айтыпты. Оны дәлелдеп те шықты. Себебі, орысша түсінбейтінін басында ескерткен екен. Яғни, судья сотталғандардың құқығына атүсті қараған боп шықты.

Енді осы салғырттықтың кесірінен үш айға созылып, былтыр қарашада үкім шыққан іс қайта қарала бастады. Осы уақыт аралығында 11 рет сот отырысы өткен. Енді оның бәрі зая кетті. Бәрінен бұрын асқан жауыздықпен өлтірілген Батура Мамедованың туыстарына қиын болды.

Себебі, қартайған ата-анасы мен бала-шағасы қайтадан сотқа қатысып, әйелдің қалай өлтірілгенін басынан бастап тыңдауға мәжбүр.

Еске сала кетейік, қанды оқида былтыр маусымда болған. Кешқұрым жұмысынан шыққан косметолог келіншекті такси жүргізушісі мен әйелі пышақтап, мәйітін ауыл шетіне көміп кеткен еді.

Ерлі-зайыптылар 16, 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген болатын.

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button