Президент коронавирусқа қарсы жан-жақты шара қабылдауды тапсырды
28 ақпан, 2020 /
Асыл ТҰМАР
Президент коронавирусқа қарсы жан-жақты шара қабылдауды тапсырды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қарсы жан-жақты шара қабылдауды тапсырды.
Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында: «Коронавирустың бүкіл әлемге таралуы аса қауіпті. Үкіметке азаматтардың денсаулығын қорғау мақсатында мемлекеттік мекемелер мен шаруашылық нысандардың қызметіне нұқсан келмейтіндей жан-жақты шаралар қабылдау тапсырылды», – деп жазды.