Сергей Негимов. Абайдың әдеби ортасы

ЮНЕСКО-ның (Біріккен Ұлттар Ұйымы Мәдениет басқармасының) Бас дирек­торы Федерико Майор: «…Абай – әлемдік тұлға… ұшан-теңіз білімімен бүкіл адамзат­тың санасына данышпандықтың дәнін сепкен ой-шыл да кемеңгер ақын. Ол – нағыз ғұлама әрі тәңір­дің құдіретімен туған әулие десе де болғандай. Оның поэзиясының өнебойынан адамдарға деген сүйіспеншілік пен аяушылық сезімі есіп тұрады… Ал гуманистік ойлары Еуропаның классикалық философиясымен ғажайып бір үндестік тауып жа­татынына еріксіз қайран қаласың… Абай – әлемдік поэзияның асқарларымен иық теңестіріп тұрған заңғар тұлға» – дейді. («Егемен Қазақстан», 1994 жыл, 20 шілде).

Ақынның өсіп-өнген ортасы, мектебі, мәдени дәстүрлері өз алдына күрделі мә­селе. Мұның өзі алуан-алуан қатпарлы, ас­тарлы, тұңғиық сыр әлемі.

Біріншіден, Абай өскен орта – халық ақындарының, шешендерінің, шежіре­ші­лерінің, ой мен тіл көсемдерінің алтын ор­дасы. Әкесі Құнанбай от ауызды, орақ тіл­ді, мұсылманшылық қағидаларын жүй­рік білетін от жігерлі жан. Әжесі Зере ертек­ші болған.

Ақын Байкөкше (1813-1892) Құнанбай дүниеден озғанда:

Құнан кетті алдынан жарылғасын,

Артында алтын қалды ат басындай – деген.

Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан: «20 жас­қа жеткенде Абай от тілді шешен, халық өмі­рі мен әдет-салтын, қазақ даласындағы атақ­ты билердің әр істі шешкендегі төре­лік­терін жақсы білетін ділмар атанды», – деп жазады.

Кәкітай Ысқақұлы Құнанбаев (1852-1918): «Қазақтың ескі заманы болса, бұрын­ғы қазақтың атақты биінің бірі болмағы анық еді… Абай бір кезі келіп тұрған са­мород еді» – дейді. 1908 жылы «Уақыт» газетінде: «Мәжі­лі­сінде болған кісілердің айтуынша, тілі ләз­затты, араб, парсы, түрік, қалмақ тілде­рі­нен хабардар, тарих, география пәнде­рі­нен мағлұматы кең болып, танымы тұқым­ды еді» делінген.

Абайдың ой-өрісінің өркендеп дамуына әсер еткен елдің жақсылары, Ахмет-Риза мед­ресесі мен орыс мектебінде дәріс берген ұстаз­дары, озат ойлы орыс зиялылары яғни саяси көзқарасы үшін қуғын көрген интел­лек­туалдық элитаның көрнекті қайрат­кер­лері.

Бұл ретте Петербор университетінде оқы­ған ойшыл Н.Чернышевскиймен дос бол­ған Евгений Петрович Михаэлисті (1841-1913) айтуға болады. Педагог, этно­лог, өлкетанушы, Семей мұғалімдер се­ми­нариясының ұстазы Б.Герасимов (1872-1937) екеуінің достығы жөнінде жақсы ле­біз қалдырған. Абайдың «Дүниеге көзімді ашу­ға үлкен себепкер болған кісі – Ми­хаэ­лис» дегені бар.

Сонан соң ұлты поляк Петербор уни­верситетінің заң факультетін 1877 жылы құқық кандидаты дәрежесінде аяқтаған. 1883 жылы Семейге жер аударылған Севе­рин Гросс (1852-1896) 1884 жылы Абай ауы­лында болып, ақыннан қазақтың әдет-ғұ­рыптары мен салт-санасы турасында мағлұматтар алған. Әрхам Кәкітайұлының дерегіне сүйеніп айтсақ, ол былайша айтады: «Абай ағам Гроссті өзі ертіп жүріп, қа­зақ халқының, оның ішінде Тобықты елі­нің салтын, әдетін көрсетіп, ұқтырып жаз­дырды, одан кейін Тобықтыға көрші Ке­рей ішінде Қожакелді, Малдыбай, Матақ дей­тін елді аралатып кел деп Гросске Ма­ғауия екеумізді қосып берді. Оның себебі, ол Керей елінің салты біздің Тобықты елі­нен өзгешерек екен».

Ілімді-білімді және орыстың атақты­ла­ры А.Конимен дос Северин Гросстың кітап­ха­насы бай болған. Абайды Гроссқа таныс­тырған Е.Михаэлис екен.

Сондай-ақ 1885 жылдың жазында Дол­гополов Абай ауылына келеді. Абай Мағауия мен Әрхамды ертіп, Долгополовты «Шың­ғыс хан заманындағы әрбір руға белгіге беріл­ген таңбалар салынған, айтаңба, шө­міш, тұяқ, кілт» сияқты таңбалары мен «бес жүз қойдың орнындай» әрі терең көлі «ке­реует сияқты тастың үстінде адам бей­не­лес қара тасы бар «Қоңыр әулие» үңгірін көр­се­тіп, қыруар деректерді мөлдірете баяндап жеткізеді.

Сонан соң Бақанас өзені бойындағы үң­гірлерді таныстырады. (Әрхам Кәкітай­ұлы. Абай өмірбаянына қосымша деректер. «Жұлдыз» журналы, 1993, № 6.) Өлке та­ри­хы, халықтың әдет-ғұрыптары, ұлттық қо­лөнері, ата-бабалардың дүниетанымы – олардың ортақ әңгімелері. Иә, ғылыми, та­ным­дық, тарихи мәні қандай десеңізші?!

Абай өзінің ақындық, азаматтық, да­ныш­пандық ұстанымын – «Мақсұтым, тіл ұстар­тып, өнер шашпақ», «Білімдіден аяман сөз­дің майын», «Ұстаздық еткен жалықпас, үй­ретуден балаға» деген ұран сөздерінде ай­қын көрініс тапса, ісінен де сондай анық аңғарылады.

Абайдың ұстаздығы, сыншылдығы бір ға­жайып байтақ әлем. Халық әдебиетінің біл­гірі Абай: «Қазақтың ескі ертегісінен бұрын қай жерлерде жүргені: көршілес, күндес елдері қай жұрттар екені; діні, білімі қандайлық кезде шығарғаны, елдің ескі салты, арманы, кәсіп-харекеті не екені кө­рінеді», – дейді.

Мәселен, ертекші Баймағамбет Мыр­заханұлы Абай Шығыс пен Еуропа халық­та­рының әңгімелерін айтса, ол дереу үйре­ніп жатқа айтқан. Атап айтқанда, ертекші Бай­мағамбет Абайдың кемеңгерлік кеңес­терімен «Мың бір түн», «Рүстем дастан» шығармаларын, Александр Дюманың «Үш мушкетер», «Король әйел Марго», «Он жыл­дан соңғы» және Лесаждың «Ақсақ шайтан» ро­мандарын, ұлы Петр турасындағы хи­кая­ларды, А.Пушкин, М.Лермонтов туын­ды­ла­рын жатқа заулатқан. Ертекші Баймағамбет белгілі бір шығарманың мазмұн-мәнін, күй­лі, қуатты толқындарын, мақам-сарын­дарын толық дәрежеде меңгергенде ғана, Абай ел алдында орындауға рұқсат берген. Ол шығарманың ішкі әлемін түсініп, оқи­ғаның сарынын терең ұғынып, әрбір кейіп­кердің жан дүниесін, бет-әлпет құбылысын, дауыс мәнерін, дене қимылын суреттеп-сипаттап орындайды екен. Ертекші елді ба­тырлық рухқа тәрбиелейді, ертекшіні өнер­ге осылайша Абай баптайды. Өз орта­сы­ның әдеби-эстетикалық дүниетаны­мының, жаңаша, тамаша көзқарасының қалыптасуына Абайдың сіңірген еңбегі, тарихи қызметі осындай.

Абайдың шәкірті әнші, жыршы Бей­сембай Жәнібекұлы (1858-1917) «Қозы Көр­пеш – Баян сұлу» жырын он жеті түрлі мақаммен орындаған. Халық дастандарын Мұқаметжан Майбасарұлы (1852-1917), әнші, домбырашы Әлмағамбет Сексенбаев (1870-1930) шебер жырлаған.

1889 жылы скрипкашы Мұқа Әділханов (1857-1927) пен ақын-композитор Әсет Найманбаевты (1864-1923) Абай өз қасына алдырады. Мұқаға орыс музыкасына ынталылық танытуын қалайды. Әсет «Сәлиқа-Сәмен» поэмасын жазады. Мұнда Абаймен рухтастық бар.

«Жеті жаста ән салған, сегіз жаста үлгі алған, тоғыз жасқа толғанда, орысшаға көз салған» Көкбай Жанатаев (1861-1925), Әріп Тәңірбергенов (1856-1924), ақын-композитор Уәйіс Шондыбайұлы (1873-1923) Абайдың шәкірттері. Бұлардың білім-білігі, ақындық шеберлігі, азаматтық тұлғасы айрықша. Мәселен, Уәйіс орыс ақыны П.Ершовтың (1815-1869) «Конек-Горбунок» ертегісінің сарынымен «Иванушка-дурачок» поэмасын, «Жошы – Алаша хан», «Қырық уәзір» әңгімесінің желісі негізінде «Бір қыздың оқиғасы» дастандарын құйқылжытқан.

Абай Көкбайды Мағауиямен бірге Семейге орысша оқуға жіберген. Семейге Абай Яков дейтін композиторды жалдап, оларға нота және скрипка үйреттірген. Мағауия Семейден қайтып келгенде Абай «Дунай толқыны», «Құс маршы» дейтін орыс сарындарын ойнатып отырады екен. (Сәбит Мұқановтың дерегі)

Абай өз балалары Ақылбай (күйшілік өнерге де ие екен) мен Мағауияға арнайы тапсырма беріп, «Еңлік-Кебек», «Медғат-Қасым» (Ақылбай) және «Дағыстан», «Зұлыс» (Мағауия) поэмаларын жаздыртқан.

Інісі Халиолла (1847-1870) Омбыдан оқуын аяқтап келген соң, «орысша оқуды, жазуды, сөйлеуді үйретіп, онымен бірге орыстың атақты жазушылары Тургенев, Лермонтов, Толстойдың повестерін, романдарын қазақ тілінде айтып беріп, әде­биет кешін өткізіп отыруды әдетке ай­нал­дырады» (Әрхам Кәкітайұлы естелі­гінен). Әубәкір Ақылбай баласы да (1881-1934) от тілді, тапқыр ойлы ақын болған. Абайдың мек­тебінен өткен, алдын көрген, ақыл-кеңе­сін тыңдаған, өнегесін бойына дарытқан бір топ шәкірттеріне Мүрсейіт Бікеұлы (ақын шығармаларын 1905, 1907, 1910 жылдарда хат­қа түсірген), Ғабитхан молда, Шәкәрім, Ыс­қақ, Тұрағұл, Мұхаметкәрім, Махмұт, Са­марбай, Ыбырай, Хасен, Дайрабай дейтін көзді туған көшелілерді қосуға болады.

Абай қолөнер кәсібін үйретуді де жақсы көр­ген екен. Мәселен, Кавказдан айдалып кел­ген черкестерден ауыл жігіті Сағындық де­генге Кавказ зергерлігін үйретіп, сол елге бі­рінші рет Сағындықтан кавказша жа­салған белбеулер, ердің тұрмандары тараған (Сәбит Мұқанов дерегі).

Абайдың әдеби ортасы дегенде өнер, бі­лім, ғылым жолына іңкәрлікпен түскен жас ойшыл Әбдірахманның рухани кесек болмысы қайран қалдырады. Ол 1886-1889 жыл­дар ішінде Түмендегі Александров реал­дық училищесінде оқыған уақытында орыс әдебиетінен «Мәскеу мен Киевтің Россия та­рихындағы рөлі» дейтін тақырыпта шы­ғарма жазған. Сонымен бірге жиһанкез Хрис­тофор Колумбтың саяхаттары жайын­да немісше баяндама жасаған. «Тристан и Изольда», Гетенің «Фауст», «Драматическая поэзия в Германии», «Уиадок рыцарской поэзии ХІV-ХV вв» дейтін тақырыптардан не­міс тілі бойынша емтихан тапсырған.

Орыстың классикалық поэзиясын жақ­сы білген. Бұлар Әбдірахманның көркемдік дү­ниетанымының кеңдігін танытса, ал оның ғылыми ойлау жүйесінің кеңістігін көрсететін көрсеткіштерді атайық: алгебра, гео­метрия, механика, металл технологиясы, жер өлшеу, құрылыс, машина сызбасы, модельдендіру, химия, физика пәндері.

Біліммен барынша қаруланған ғылыми та­нымы қалыптасқан әдепті, мәдениетті Әб­дірахман әкесі ұнатып, қалаған кітап­тар­ды уақытында тауып, жеткізіп күрделі ұғым­ға негізделген сөздердің мән-мағына­сын түсіндіріп, жазып жолдап отырған (Архам Ысқақовтың естелігінен).

Әбіштің «өндіріп оқып» өнімді еңбек­тен­гені, кемел, толық, озық білімі, ғылымға көз­қарасы, шебер әңгімешілдігі Абайдың жоқ­тауында айқын көрсетілген.

Ойламадым еш жанды

Өзіңе ердім оңаша.

Рақаттанып, мақтанып,

Қылушы едім тамаша –

Тамаша дағды, әдет қалыптастырды. Әке мен баланың бір-біріне лайықты жара­сым тауып, мәслихат жасап, сыр бөліскені, мейір қандырғаны, жан дүниесін байытқа­ны, кемеңгерлік кеңестері қандай десеңізші!

Жалпы, руханият шырақшысы Абай ай­наласындағы өнерлілер Абай мұрасын жат­тап, халық ішіне таратқан, әнге қосып ай­тып, елге жайған. Абай бастаған дарындар дас­таншылдық, әңгімешілдік, шежірешілдік, ком­позиторлық, ақындық өнер түрлерін гүл­дендіріп кемелдендірген. Өркениет пен мәдениетті тең дәрежеде өркендеткен. Сөй­тіп, Абай өнегесі, ұстаздық еңбегі, ғұламалық қа­сиеті, тарихи-көркем тәжірибесі ұлттық рух пен ұлттық сананың жетілуіне өлшеусіз үлес қосқаны, халық қазынасын байытқаны дау­сыз.

Абай тұлғасында жалынды ұйымдас­тыру­шылық, тәлімгерлік, жоғары интел­лек­туалдық мәдениет, ішкі тәртіп пен тәжірибе, телегей білім мен ақыл, тілге, дәстүрге, өнер­ге, ғылымға, өркениетке жүйріктік, мақ­саткерлік, таза, ұшқыр, дәл интуиция тән. Абайдың ойы – терең тамырлы, сәулелі, мағыналы. Ол: Единица – жақсысы, Ерген елі бейне нөл, Единица нөлсіз-ақ, Өз ба­сындық болар сол, Единица кеткенде, Не бо­лады өңкей нөл? – деп, ел тағдырын, елді бастаған көсем жайын толғайды «Сәулең болса кеудеңде» өлеңінде. «Единица» – «жал­қы», «дара» деген мағынаны білдіреді. Бұл гректің философиялық ұстанымында «Монада» деп аталады.

Абайдың шығармашылық ғұмырнама-сы – қандай заманда болмасын абайтану ғылымының басты мәселесі. «Қазақтың жал­ғызы» (Әлихан Бөкейхан) «жалғыз қол­да жалынды жалғыз шырақ ұстап, халқына өріс атап, бет нұсқап», «мұңлы сырлы бір сәлем» (Мұхтар Әуезов) жолдаған руханият тарихындағы «ерен құбылыс», «өткен за­манның аса бір ғажайып жаратылысы» ой­шылдың ұлы ақынның әлеуметтік-қоғам­дық қызметі мен өнерпаздық жолындағы жазбаша тарихи жәдігерлерді, әдеби-мә­дени деректерді жинақтап жүйелеуде Кәкітай Ысқақұлы мен Мұхтар Әуезовтің еңбегі ерекше. «Абайдың өмірбаяншылары Кәкітай, ал мен кейінірек болдым. Өз басым Абай өмірбаянының төрт нұсқасын жаз­дым: біріншісі – Абай шығармаларының 1933 жылғы басылымы үшін; екіншісі – 1940 жылғы басылымға орай; үшіншісі – әлі жарық көрмеген нұсқа, 1945 жылы жазыл­ды; ақыр соңында қазір өзім екінші рет ре­дакциялап жұмыс істеп жатқан төртінші нұс­қасы 1950 жылы құрастырылды» – деп жа­зады Мұхтар Әуезов. Абайтану ғылымы үнемі өсіп-өркендеп, жаңғырып-жаңарып оты­ратын алға басатын ғылым болған­дық­тан, соны деректермен, жаңалықты құбы­лыс­тармен, жаңаша пайымдаулармен, бол­жамдармен толығып та отыратыны дау­сыз. Бұл орайда осынау атаулы іске өзін­дік өзгеше істерімен, берекелі ізденістерімен айшықты үлес қосқан қазақтың дарынды тарихшысы Ермұхан Бекмахановтың «Но­вые материалы к творческой биографии Абая Кунанбаева» дейтін зерттемесіне назар аудару қажет. Себебі мұнда ақынның қай­рат­керлік, санаткерлік іс-қимылдарына қа­тыс­ты мұрағат қорларындағы беймәлім де­ректер мен мәліметтер сарабдалдықпен байыпталған. Архив құжаттары өмірінің соңғы жылдарында Абайдың қоғамдық-саяси көзқарасын айқындауға көмегін ти­гізетіндігін тарихшы Е.Бекмаханов атап көр­сетеді. Абай «царизмге қауіпті адам» екен­дігі және отарлау саясатын табанды түр­де жүргізуші жергілікті жымысқы, ыс­қаяқ, тыңшы ұлықтардың ақынның аңысын аң­дып, қалың елге жойқын ықпалын есеп­тейтінін, семейлік полицмейстердің құпия жо­балары бойынша Абай өз халқының бос­тандығы мен бақыты үшін күрескер бол­ғаны айтылады. Бұл ретте Семей оязы­ның жасырын баяндамасында былайша жазылған: «В прежние время Кунанбаев пользовался громадным влиянием среди киргиз как Семипалатинского, так и соседних уездов, неоднократно был выбран от уездов «тюбе-бием», т.е. примирителем в спорах междууездных, что считается между киргизами высшим почетом и доверием к честности избранного судьи». Шынында, Абай 1876-1878 жылдарда Қоңыр Көкше елінде болыстық қызмет атқарған. Алты жыл би болған. 1875-1877 жылдарда Семей об­лыстық әскери губернаторының бұйры­ғымен болыс міндеттерін атқарған. Үкімет алдындағы еңбегі үшін 1876 жылы 3 разрядты кафтанмен, 1890 жылы аңшы мыл­тығымен марапатталған және де «Құр­метті қазақ» атанған. Ата қаздай мойыны озық, құқықтық-саяси дүниетанымы тегеу­рінді Абайдың үстінен болыстық қызметтің 9 жылында бірде-бір арыз-шағым болмаған. 1887 жылдың 26 сәуірінде Семей қалалық бастауыш білім қамқоршылары қоғамына қабылданған. Е.Бекмахановтың көрсетуін­ше, 1886 жылдың 4 мамырында Семей об­лыстық статистикалық комитетіне толық мүше ретінде алынып, Өлкетану музейінің этнографиялық бөліміне қол ұшын берген. Жинақтай айтқанда, Абайдың қоғамдық, ұйымдастырушылық, мәдени-ағартушылық еңбектері ұшан-теңіз. Ол озық ойлы орыс, татар, қазақ зиялыларынан хат алысып, хат жазысқан. Қазақстанның шартарабынан ақыл-кеңес сұраған жандар есепсіз мол бол­ған. Сондықтан да Е.Бекмахановтың жазуын­ша, Семей әскери губернаторы Абай­ға жазылған хат-хабарларға қатаң бақылау қойған. «Үкіметке қарсы үндеулердің» кең таралуына Абайдың қатысы бар деп кінә­лап, Семейдің әскери губернаторы 1903 жыл­­дың 18 сәуірінде шұғыл түрде «тия­нақты тінту жүргізілсін» деген бұйрық бе­реді. Дереу 25 сәуір күні сағат 12.00-де Абай шаңырағы мен Мағауия Тұрағұлдың үш киіз үйіне тұтқиылдан басып кіріп, ақын­ның қолжазбалары мен хат-хабарларды аяусыз тәркілейді. Осы бір мезетте Абай көк­шетаулық Қосшығұловтан келген хатты амалын тауып ұшты-күйлі жоғалтып үлге­ре­ді. Ақын хатты негізгі мазмұнын ішіне бүгіп, тек таза отбасылық сипатта екенін айтып әзер-мәзер құтылады.

Патшалық аппараттың өкілдері Абай­дың «өзіне қатысты емес жайларға өте-мөте сақ екенін» жақсы білген. Бұл орайда Семей оязы былайша мәлімдейді: «В суждениях своих во время беседы Кунанбаев обнару­жи­вает полное понимание государственных интересов и правильные взгляды на циви­лизаторскую миссию России в азиатских владениях и с негодованием осуждает попытки мусульман-фанатиков». Тарихшы-аналитик Е.Бекмахановтың Абайдың шығармашылығына қатысты мынадай құнды деректердің де, иіні келгенде келтіріп отырады. Мәселен, Семей облыстық статис­ти­калық комитетінің хатшысы Н.Коншин Абайдың орыстың тілінде жетік сөй­леп және терең түсініп оқитындығын және ко­митетке қазақ халқының тарихы мен этног­рафиясы туралы сан алуан ма­те­риалдар беруге уәде еткенін айтады.

Семей оязының мәлімдемелерінде Абай­дың тұлғалық қасиеті, ақыл-ой деңгейі және оның әулет, орыс әдебиетіне қызы­ғу­шылығы, сонымен бірге кітаптарды, жур­нал­дарды, газеттерді жаздырып алатындығы жөніндегі мәліметтер бар.

«Абайдың істеп кеткен қызметі әдебие­тіміз­ге асыл іргетас. Бұл асыл іргенің үстіне са­лы­натын ілгергі қазақ әдебиетінің дүкені көрікті, көрнекті, нақысты, өрнекті болуына лайық» – дейді Жүсіпбек Аймауытов пен Мұхтар Әуезов. Демек, ұлт ақынының даңқ­ты әрі қасіретті тағдырындағы алуан жәйт­тер, оқиғалар, күйлер, көрікті-көріксіз су­рет­тер оның шығармашылық өмірбаянын түр­лендіре, ақындық болмысын ірілендіре тү­седі.

Демек, Абай тұлғасы – дара құбылыс.ақыл-ойдың, парасаттың асқар биігі.
М.Әуе­зовше айтқанда, «Абай кемесі» кең әлемде сенімді, түзу жол сызып, маңып барады». Абай­дың дәстүрі, мектебі – ұлы дала руха­ниятының жаңарып-жаңғыруына, жас ұрпақ­тың ой-санасының жетілуіне керемет әсер сыйлайды.

Редакция таңдауы

Тарихшының таланы

Уақыт топырағының астында көміліп қалған ол жұмбаққа ауыспалы ұрпақ­тар өз көзқарасын білдіріп келе жатқанымен, шындықтың түйіні әлі шешіле қойған жоқ. Әл­декімдер Толстойды өлердей жек...

Бүгінгі журналистердің бас ұстазы

Редакциядан: 7 мамыр – радио күні. 1895 жылы осы күні ресейлік физик Александр Попов өзі құрастырған әлемдегі тұңғыш радиоқабылдағышты таныстырған. 1925 жылы тұңғыш рет...

Шәйнектен шыққан хат

«Ескі үйді бұзарда ша­ты­ры­нан қорапқа са­лынған бі­раз ыдыстар тауып алдық, – деді Би­босын жуырдағы бір оқиғаны баяндай бас­тап. – Бұл анамның көзі тірісінде тір­нектеп...

Елорда – егемендік жемісі

Осыдан 23 жыл бұрын 6 мамырда Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен Ақмола атауы Астана болып өзгертілді. Бұл Алатаудан Сарыарқа төсіне бет түзеген қазақ көшіне жаңа серпін,...
Nurdeulet

Нұрдәулет Иманәліұлы: Деструктивті материалдарды тарату, басқа платформаларға жіберу заң бұзушылыққа жатады

Тұтас елдің діни қауіпсіздігі, қай тұсынан қарасақ та, ел үшін маңызы жоғары....
f6df9459 279a 458c 83cc d764d0eae93f

Бауыржан Ақтаев: Өнердің тілі – жұмсақ әрі нәзік тіл

Ұлттық өнер – заман қанша жаһанданса да, қазақ деген ұлт қанша жасаса,...
mycollages 4

Жамбыл және Сапарғали Бегалин

Жәкеңнің өскен ортасы, ата-ба­ба­сы­нан келе жатқан дәстүрі, өзінің өмір жолы нақты деректер...

Жаңалықтар

Ғалымдар генетикалық түрлендірілген 750 миллион масаны ашық кеңістікке жіберді

АҚШ ғалымдары 750 миллион генетикалық түрлендірілген масаны ашық кеңістікке жіберді. Флорида-Кис аралындағы зерттеушілер бұған өткен жылдан бері дайындалған, - деп хабарлайды turkystan.kz sciencealert.com-ға сілтеме...

Атмосферадағы көмірқышқыл газының концентрациясы рекордтық деңгейге жетті

Атмосферадағы көмірқышқыл газының концентрациясы рекордтық деңгейге жетті. Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш мәлімдеді. Оның айтуынша, өткен жылы ауа-райы мен климат қатты өзгеріске...

«Олимпиада ойындарының өтуіне қарсымыз»: Жапонияда халық ереуілге шықты

Жапония астанасында Олимпиада ойындарының өтуіне қарсылық білдірген халық ереуілге шықты.  «Хабар 24» телеарнасының мәліметінше, тұрғындар спорттық шарадан кейін коронавирус індетінің ушығып кетуіне алаңдаулы. Ұлттық стадион алдында жиналғандардың...

Жайық киіктерінің популяциясы 217 мың басқа жетті

Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр Парламент өкілдерінің депутаттық сауалына берген жауабында «Бөкейорда» табиғи резерватының құрылысы туралы баяндады. «Қазақстан аумағында, Жайық және Үстірт киіктерінің әлемдік популяциясының 95...

«Ол мас болған»: Оралда жасөспірім 5-қабаттан құлап кетті

Оралда мектеп оқушысы көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті, – деп жазды Mgorod.kz. Оқиға 9 мамырда сағат 04.20-да Строитель шағын ауданындағы 9 қабатты үйде болған. БҚО Полиция департаментінің...

Шымкентте 96 жастағы ардагердің жүрегіне ота жасалды

Шымкенттегі кардиоорталық хирургтері 96 жастағы науқастың жүрегіне күрделі ота жасады, – деп жазды Otyrar.kz. Операциядан кейін денсаулығы жақсарған қарияға қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан...

Теміртауда баласы үшін атыс шығарған әке ұсталды

Теміртауда жанжалдасып қалған баласы үшін атыс шығарған әкенің видеосы тарап, мылтықтан оқ атқан ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі. «9 мамырда...

Еліміздің 6 өңірі «қызыл» аймақта тұр

2021 жылғы 10 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды. «Қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары тұр. «Сары»...

Грузияда өлі табылған Әселдің анасы Тбилисиге ұшып кетті

Грузияда өлі табылған қазақстандық Әсел Айтпаеваның анасы Тбилисиге ұшып кетті, - деп хабарлайды Inbusiness. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ведомство өкілдері әйел адамға құжатын...

COVID-19: мыңнан астам адамның жағдайы ауыр

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 10 мамырдағы мәлімет бойынша, 41 723 адам коронавирус инфекциясынан (41 275 КВИ+ және 448 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 15 063...

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 344 мыңнан асты

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 2142 жағдай тіркелді. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 344 731 жетті, – деп хабарлады coronavirus2020.kz. Оның ішінде: Алматы қаласында -...

10 мамыр: атаулы күндер мен маңызды оқиғалар

1936 жылы 10 мамырда Мәскеуде қазақ әдебиеті мен өнерінің бірінші онкүндігі өтті. 1997 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа «Сабин металл корпорейшн» (АҚШ) корпорациясы зауытындағы қазақстандық...

Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады – Қазгидромет

«Қазгидромет» РМК 10 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады. Еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты күн құбылмалы болады. Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, елдің...

Рак ауруын тудыратын тағы бір себеп анықталды

Е171 жасанды бояғышы немесе титан дикосиді адам денсаулығына қауіпті екені анықталды. Еуропа елдеріндегі азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі агенттік (EFSA) ғалымдары осындай шешімге келіп отыр. «Ғалымдар қолжетімді...

Ең үлкен iPhone-ның дизайны пайда болды

Tianfeng International сарапшысы Мин-Чи Куо iPhone-ның ықтимал 8-дюймді иілгіш экраны туралы мәлімдеді. Аталған модель Apple жиынтығында 2023 жылы шығады деп күтілуде. Қазір желіде ең үлкен...

Волкан Бозкыр Израиль полициясының шабуылын айыптады

БҰҰ Жалпы Кеңесі төрағасы Волкан Бозкыр әл-Ақса мешіті сынды тарихи  ғибадат орындарына құрмет көрсетілуі туралы үндеу жасады. Волкан Бозкыр өзінің твиттер парақшасы арқылы мәлімдеме...

Израиль Газа секторына әуе шабуылы жасады

Израиль жойғыш ұшақтары Иззеддин әл-Кассам бригадаларына тиесілі күзет бекетін бомбалады, - деп хабарлайды ТРТ арнасы. Аталған ақпараттың хабарлауынша, Палестина Денсаулық сақтау министрлігі немесе Газадағы ресми...

Жігіті көбейту кестесін білмегені үшін тұрмысқа шығудан бас тартты

Үндістанда күйеу жігіт көбейту кестесін білмегені үшін қалыңдық оған тұрмысқа шығудан бас тартты. Неке қию салтанаты 1 мамыр күні Уттар-Прадеш штатында өтуі керек болған. Қалыңдық...

Иранда 18 маусым күні президент сайлауы өтеді

Иранда президент сайлауына қатысатын кандидаттарды тіркеу 11 мамырда басталады. Бұл шара 4 күнге созылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ИРНА агенттігіне сілтеме жасап. Биліктің үш тармағы басшыларының...

2020 жылы Жер температурасы 3 млн жылдағы жоғары көрсеткішке жетті

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш 2020 жылы Жердің температурасы соңғы үш миллион жылдағы ең жоғары рекордты көрсеткішке жеткенін мәлімдеді. Парниктік газ шығарындыларын азайтуды жауапкершілігіне алған...

Әлемдегі ең сүйкімді иттер анықталды

Сүйкімді иттер тізімін автралиялық овчарка бастайды. Басқа иттердің бойындағы барлық үйлесімді австралиялық овчарканың бойынан табуға болады. Жалпы Австралияда ең алғаш аусси итінің тұқымы өсіріле...

Самал Еслямова мен Сергей Дворцевой «Мəдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды

ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театрында болып «Абай-Тоғжан» музыкалық драмасын тамашалады. «Абай-Тоғжан» музыкалық драмасы адамзат тарихындағы біртуар...

Көкшетаудағы саяжайлар өртке оранды

Кеше сағат 12.44-те «101» пультіне «Целинник» және «Авиатор» кооперативтерінің саяжайларына ауысқан құрғақ шөптің жанғаны туралы телефон хабарламасы келіп түскен. Жалпы ауданы 5 га. Өртті...

Маңғыстау облысының әкімі Боқаевтың шаңырағында болды

Облыс әкімі С.Трұмов Отан үшін от кешкен майдангерді жеңіс мерекесімен арнайы барып құттықтады. Ардагерге құрмет көрсетіп, бейбітшілік пен жарқын болашақты құруға атсалысқаны үшін алғысын...

«Зауалды тосынсый». Нұр-Сұлтан тұрғыны баласының аттракционнан тұншығып қала жаздағанын айтты

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны астанадағы бақтардың бірінде орнатылған  аттракционда қызы тұншығып қала жаздағанын айтып, шағымданды. Бұл туралы  ол «Астана, хочу похвалить, пожаловаться» Facebook тобында жазды. «Бақтарымыздағы...

Мәскеу тұрғындары Әлия Молдағұлованың есімін мектепке қайтаруды сұрады

Мәскеуде Вешняки ауданы тұрғындары жергілікті әкімшілікке Әлия Молдағұлованың есімін мектептердің біріне беру немесе қайтару туралы өтініш берді, - деп хабарлайды "Хабар 24" . Телеарна мәліметі бойынша, әлемдегі...

Коронавирустан емделіп жатқан 798 адамның жағдайы ауыр

9 мамырдағы мәлімет бойынша, 41 878 адам коронавирус инфекциясынан (41 408 КВИ+ және 470 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 14 844 пациент стационарда, 27 034...

Белгілі кәсіпкердің «Өте маңызды» кітабы оқырманға жол тартты

Нұр-Сұлтан қаласында белгілі кәсіпкер, меценат Дулат Тастекейдің «Өте маңызды» атты кітабының таныстырылымы өтті. «Кітап авторы – кәсібін шағын ломбардтан бастап, Қазақстанның барлық өңірінде филиалдарын...

Елбасы қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды 9 мамыр Жеңіс күнімен құттықтады. «Құрметті қазақстандықтар! Жыл сайын 9 мамыр күні біз әкелеріміз бен аталарымыздың адамзат тарихындағы ең сұрапыл...

Бұл мейрам – сұрапыл соғыста жеңіске жеткен батырларымыздың ерлігі мен даңқының символы – Қ.Тоқаев.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. «Қымбатты отандастар! Баршаңызды Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мейрам –...

Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Президентімен өзара ынтымақтастықты тереңдету мәселесін талқылады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы elbasy.kz  сайты хабарлады. Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиёев бір-бірін Ұлы Отан...

Қадір түнінде оқылатын таңдаулы дұғалар

Ғұлама Мужаһит:  «Қадір түні – тағдыр түні.  Оның бұлай аталуының себебі, Алла тағала бұл түні келесі жылғы Қадір түніне дейін кімнің ажалы жететінін, кімге...

«Қасақана улауы мүмкін». Алматыда құстардың жаппай қырылуы тұрғындардың зәресін ұшырды

Алматы тұрғындарын көшеде шашылып жатқан құстардың өлексесі шошытты. Көгершіндердің жаппай қырылуына не себеп болғаны белгісіз.  Арықтар да құстардың өлексесіне толып қалған. Тіпті балалар ойын алаңында...

Қызылорда облысында 5-сынып оқушысы каналға батып кетті

Қызылорда облысы Сырдария ауданында бесінші сынып оқушысы каналға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оқиға Сырдария ауданы Амангелді ауылында болды. «5-сыныпта оқитын ер бала Жетікөл каналына...

Перуде бір айда коронавирустан он мыңға жуық адам қайтыс болды

Перуде сәуір коронавирустан ең көп адам қайтыс болған қасіретті айға айналды. Associated Press агенттігінің хабарлауынша, бұл елде өткен айда 9 жарым мың тұрғын ажал...

Қазақ-қытай шекарасында жер сілкінді

Жер сілкінісі Алматы уақытымен 8.53-те тіркелді, эпицентр екі елдің шекарасында орналасқан Қазақстандық сейсмологтар Қазақстан мен Қытай шекарасында, Алматыдан шығысқа қарай 320 шақырымда жер сілкінісі болғанын...

«Жағдайы ауыр». Қызылордада 1 жасар сәби кәріз суы құйылатын шұңқырға құлап кетті

Қызылорда облысы Шиелі ауданында жеке тұрғын үйдегі кәріз суы құйылатын шұңқырға бір жастағы сәби түсіп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оқиға Шиелі ауданы Қодаманов ауылындағы тұрғын...

«Қадір түні – тағдыр түні». Бас мүфти қазақстандықтарға Қадір түніне байланысты үндеу жасады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫНЫҢ қазақстандық барша мұсылман қауымға арнаған үндеуі мүфтият сайтында жарияланды. Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!...

«Алыптармен айқас». Головкин өз еркімен чемпиондық атағын қорғамақ

IBF бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, КО) WBA суперчемпионы жапондық Риота Муратамен (16-2, 13 КО) желтоқсандағы бірлескен жекпе-жектен бас тартпайды. Бірақ алдымен...

Грузияда қайтыс болған қазақстандық қыздың өлімі туралы марқұмның әпкесі айтып берді

26 жастағы қазақстандық Әсел Айтбаеваның Грузияда қайтыс болғаны жайлы мәлімет қоғамда үлкен резонанс тудырды. Марқұмның әпкесі болған оқиғаның күдікті тұстары туралы айтып берді. Экспресс К басылымына берген сұхбатында...

«Қайда құлайтыны белгісіз». Жерге 22 тонналық зымыран жақындап келеді

Бақылаудан шығып кеткен Қытайлық Long March 5B ауыр зымыран тасығышы алдағы демалыс күндері (8-9 мамыр) атмосфераға өтіп, жерге құлауы мүмкін, - деп хабарлайды Liter.kz...

Алексей Цой 15 миллион теңге сыйақыға қатысты мәлімдеме жасады

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой депутат Азат Перуашевқа жауап қайтарды, - деп хабарлайды Stan.kz. Министрлік "Айтылған фактінің Денсаулық сақтау министрлігіне ешқандай қатысы жоқ" деп мәлімдеді. "Бонустық...

Каспий теңізінің түбін тереңдетуге дайындық жүріп жатыр

Каспий теңізінің түбін тереңдетуге белсенді дайындық жүріп жатыр. Мамандар мен ғалымдар балықтардың азық базасына қаншалықты шығын келгенін білу үшін су қоймасының түбіне мониторинг жасалуда,...

Қазақстан Қырғыз Республикасына көмек ретінде 10 мың тонна ұн жібереді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Қырғыз Республикасына гуманитарлық көмек ретінде 10 мың тонна ұн жіберуді тапсырды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі...

Ішімдіктен бас тартқан ауылда бір жарым жыл бойы бірде-бір қылмыс тіркелмеген

Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы Жиделіарық ауылында бір жарым жыл ішінде бірде-бір қылмыс тіркелмеген. Ауылдың тыныс-тіршілігі және учаскелік инспектордың жұмысы туралы ІІМ-нің ресми сайтында баяндалады,...

Барлық ер адам әскери борышын өтеуге міндетті ме? – Жастардың пікірі

«Қазақстан жастары» әлеуметтік зерттеуінің 2020 жылғы қорытындысына сәйкес,  сауалнамаға қатысқан респонденттердің басым көпшілігі (59,6%) әскери қызметке оң көзқарасын білдірген. 34,4% респондент бейтарап көзқараста екенін...

Нұр-Сұлтанда сауда орталықтары мен базарлардың жұмыс кестесі өзгерді

Елорданың бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, сауда орталықтары жаңа режимде жұмыс істейтін болады, - деп хабарлайды zakon.kz. Жаңа жұмыс кестесі бойынша сауда орталықтары жұмыс...

Қадір түнін мешітте қарсы алуға рұқсат па? – ҚМДБ мәлімдемесі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қадір түніне қатысты мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды turkystan.kz. Мәлімдемеде эпидахуалды одан сайын күрделендірмеу үшін Қадір түнінде мешітте орындалатын діни...

Генералдар қатары 19-ға көбейді

Ақордада жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер, сондай-ақ, әскерилер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне салтанатты түрде ордендер мен медальдар тапсыру рәсімі өтті, -...

Теңізде жұмысшылар ереуілге шықты

Атырау облысында "Теңізшевройл" мердігерлік ұйымының "ҚазҚұрылысСервис" жұмысшылары жалақы есептеу жүйесіне наразылығын білдіріп, ереуіл ұйымдастырды, деп хабарлайды zakon.kz Ақжайыққа сілтеме жасай отырып. "Қазқұрылыссервис" компаниясының басшылығы мәселені...

Қорғаныс министрлігі ерекше көзге түскен Отан қорғаушыларды марапаттады

Отан қорғаушылар күніне орай Президенттің Жарлығымен Қарулы Күштердің 23 өкілі мемлекеттік наградаға ие болды. Ерекше көзге түскен әскери қызметкерлерге Қорғаныс министрлігінде де құрмет көрсетілді....

Түркіменстан ардагерлері Жеңіс күні президенттен алатын сыйлыққа өздері ақша төлейді

Түркіменстанда Екінші дүниежүзілік соғыс және тыл ардагерлері өздеріне берілетін сыйлыққа ақша өткізуге міндеттелді, оларды 9 мамыр күні елдің президенті Гурбангулы Бердімұхамедов табыстайды. Бұл туралы...

Қазақстан Үндістанға көмек жібереді

Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады, - деп хабарлайды akorda.kz. Мемлекет басшысына санитарлық-эпидемиологиялық ахуал, халыққа вакцина салу, сондай-ақ еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері туралы баяндалды. Асқар...

Еліміздің 2 ірі әуежайына «Ashyq» қосымшасы енгізіледі

Нұр-Cұлтан және Алматы қалаларындағы халықаралық әуежайына жолаушылар «Ashyq» қосымшасы арқылы кіретін болады. Бұл туралы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысында жазылған. Қаулыға сәйкес, «Ashyq» қосымшасы...

Бас мемлекеттік санитар дәрігердің вакцина туралы қаулысына өзгеріс енді

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды. Құжат мәтініне сәйкес, вакциналау тәртібіне өзгеріс енгізілген. «Вакцинацияны екі кезеңмен жүргізеді: 0,5 мл дозада I компонентпен,...

Журналиске ренжіген Жаркенттің «дөрекі» әкімі қатаң сөгіс алды

Жаркент әкімі Болат Омаров 24.kz телеарнасының журналисіне берген сұхбаты мен жүргізушілермен кездесудегі дөрекі жауаптары үшін қатаң сөгіс алды, – деп жазды Tengrinews.kz. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Шымкентте әуе шары құлап, 4 мың отбасы жарықсыз қалды

6 мамырда сағат шамамен 20:24-те Тұран шағынауданында жеке кәсіпкер әуе шарын жинау барысында апатты оқиға болды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы Бекен Қоныс...

Алматы халықаралық әуежайына жаңа басшы тағайындалды

Мете Еркал Алматы халықаралық әуежайының президенті болып тағайындалды, – деп хабарлады TAV Airports баспасөз қызметі. Бұған дейін ол TAV Airports Holding-те операцияларды үйлестіру менеджері және...

Елімізде өткен тәулікте 2840 адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанда өткен тәулікте 2840 адамнан коронавирус анықталды, – деп хабарлады coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 586, Алматы қаласы - 689, Шымкент қаласы - 139,...

7 мамыр: еліміздің тарихындағы маңызды оқиғалар

1992 жылы 7 мамырда Президент Жарлығымен Мемлекеттік қорғаныс комитеті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды. Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі болып генерал-полковник Сағадат Нұрмағамбетов...

Мемлекет басшысы халықты Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады, – деп хабарлады Ақорданың ресми сайты. «Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді Отан қорғаушы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Біз бұл күні Қарулы...

Нұр-Сұлтан қаласы бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

Нұр-Сұлтан қаласы бас санитар дәрігері Сархат Бейсенованың жаңа қаулысы шықты. Құжатта бұқаралық іс-шараларды, ауызашар, банкет, үйлену тойы, мерейтой, еске алу сияқты отбасылық іс-шараларды өткізуге, сондай-ақ, митингі,...

Бүгін – Отан қорғаушылар күні

1992 жылғы 7 мамырда Мемлекеттік қорғаныс комитеті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды. Дәл осы күні ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қарулы...

Еліміздің үш өңірінде үсік жүреді – Қазгидромет

Қазгидромет 7 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынады. Қазақстан территориясының басым бөлігінде фронталды бөліктің өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы күтіледі. Кей жерде жаңбыр жауады, найзағай...

19 жасар таксисті өлтіріп кеткендер ұсталды

«Ақмола облысында 19 жасар таксисті өлтіріп кеткен екі жас адам ұсталды», − деп хабарлайды «Казинформ» тілшісі. Осы жылдың 4 мамырында күндізгі сағат 16.17-де Бурабай ауданы...

Нұрдәулет Иманәліұлы: Деструктивті материалдарды тарату, басқа платформаларға жіберу заң бұзушылыққа жатады

Тұтас елдің діни қауіпсіздігі, қай тұсынан қарасақ та, ел үшін маңызы жоғары. Дін жолын өз бетінше қабылдай бергеннің ақыры қолына қару алып,  лаңкестердің лаңынан...

Қазақ қызы Грузияға жұмысқа кетіп, белгісіз себептен қаза тапқан…

Бұл ақпарат ҚР Сыртқы істер министрі мен Грузияның Ішкі істер министрлігі тарапынан расталған. Белгісіз жағдайда көз жұмған қыздың аты-жөні Әсел Айтпаева. Марқұмның сіңлісі Айна Айтпаеваның...

Мемлекет басшысы қырғыз еліне гуманитарлық көмек көрсету туралы шешім қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев бауырлас қырғыз еліне Қазақстан халқының атынан гуманитарлық көмек көрсетуге шешім қабылдады. «Қырғыз Республикасымен арадағы дәстүрлі достық, одақтастық және стратегиялық серіктестік қағидаттарды басшылыққа ала...

Елордалық оқушы Ұлыбритания патшайымынан хат алды

16 жастағы елордалық оқушы өткен жылдың соңында Ұлыбритания патшайымы II Елизаветаға хат жолдаған. Осы жылдың басында ол хатқа жауап алыпты, - деп хабарлайды sxodim.astana. Өз...

Ақтөбеде Әлия Молдағұлова халықаралық әуежайына батырдың мүсіні орнатылды

Ақтөбенің халықаралық әуежайына Әлия Молдағұлова есімі 28 сәуір күні берілген еді. Бүгін ресми таныстырылып, батыр қыздың бюсті орнатылды. Жиында батырдың туыстары, оның өмірін зерттеп...

«Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесінің жеңімпаздары белгілі болды

Елордада «Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесінің 2021 жылғы жеңімпаздары марапатталды. Жеңімпаздар 10 аталым бойынша марапатталды. Оларға естелік мүсінше мен 1 млн теңге сыйақы берілді. «Үздік ақпараттық бағдарлама»...

Ұлы Отан соғысының батырларына арналған онлайн портал іске қосылды

Казақстандық блогерлер мен қоғам белсенділері Ұлы Отан соғысының батырларына арналған порталды іске қосты. Қазақстандық блогерлер мен қоғам белсенділері «Мәңгілік полк» акциясын онлайн форматта өткізу үшін портал жасап...

Университет аумағында «Елбасы саябағы» ашылды

Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Елбасы саябағы» ашылды. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне бой түзеген ағаштар...

Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің туғанына 70 жыл

Бүгін қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің туған күні.  Классикалық күрестің шын шебері көзі тірі болса 70 жасқа толар еді. Өкінішке қарай, әлемді...

Демалыс және мереке күндері вакцина салу жалғасады

Алматыда демалыс және мереке күндері вакцина салу жалғасады. Бұл туралы «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК Алматы қалалық филиалының директоры Гүлнар Ысқақова айтты. «Қазақстанда...

«Кінәм жоқ»: Елжан Біртанов сотта мәлімдеме жасады

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ешқандай заңсыз әрекет, әсіресе коронавирус пандемиясы кезінде жемқорлық қылмыстарын жасамағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды  Sputnik "Бұрынғы денсаулық сақтау министрі...

«Тұмар» ұлттық телевизия бәйгесінің марапаттау рәсімі өтіп жатыр

Елордадағы Қазмедиа орталығында «Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесі жеңімпаздарын марапаттау рәсімі басталды. Биылғы «Тұмар» V ұлттық телевизиялық сыйлығының номинанттарының шорт-парағына 40 финалист енді. Сыйлық алуға 10...

Тарихшының таланы

Уақыт топырағының астында көміліп қалған ол жұмбаққа ауыспалы ұрпақ­тар өз көзқарасын білдіріп келе жатқанымен, шындықтың түйіні әлі шешіле қойған жоқ. Әл­декімдер Толстойды өлердей жек...

Жақсылыққа – жақсылық әр адамның ісі

Неге екенiн қайдам, соңғы кезде «Адамдар арасында мейiрiмдiлiк, қайы­рым­дылық, кiшiпейiлдiк, жанашырлық, бауырмалдық азайып, жүрекке жайлы тиетiн iзгi iстер сиреп бара жатыр» деген сөздердi жиi...

Бүгінгі журналистердің бас ұстазы

Редакциядан: 7 мамыр – радио күні. 1895 жылы осы күні ресейлік физик Александр Попов өзі құрастырған әлемдегі тұңғыш радиоқабылдағышты таныстырған. 1925 жылы тұңғыш рет...

Шәйнектен шыққан хат

«Ескі үйді бұзарда ша­ты­ры­нан қорапқа са­лынған бі­раз ыдыстар тауып алдық, – деді Би­босын жуырдағы бір оқиғаны баяндай бас­тап. – Бұл анамның көзі тірісінде тір­нектеп...

Қарулы күштің қалқаны қару ғана емес

Қазақстан Тәуелсіздігін жариялағаннан кейін өз алдына Қарулы Күштерін құру туралы маңызды міндет қойды. Алғаш 1991 жылы 25 қазанда Елбасының Жарлығымен құрылған Қор­ғаныс комитеті кейін...

Елбасы халықты Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады, – деп жазды elbasy.kz. «Құрметті қазақстандықтар! Баршаңызды Отан қорғаушы күнімен құттықтаймын! Тәуелсіздік жылдарында еліміздің...

Алматы әкімдігі вакцинадан қайтыс болды делінген азаматқа қатысты пікір білдірді

Алматы әкімдігі вакцинадан қайтыс болды делінген алматылыққа қатысты пікір білдірді. «Әлеуметтік желіде Алматы тұрғыны Б.Н. өлімі жайлы ақпарат тарауда. Алматы қаласының әкімдігі марқұмның туыстарына көңіл...

Маңызды мәселелер қаралды

Тұрғын үй-коммуналдық шаруа­­шылығы саласында қорда­ланған мәселелерді шешу үшін нұро­тандықтар иесіз желілерді пай­даланушы ұйымдардың мен­шігіне өтеусіз беру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Электр қуаты мен жылу тариф­терінің бұдан...

Елорда – егемендік жемісі

Осыдан 23 жыл бұрын 6 мамырда Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен Ақмола атауы Астана болып өзгертілді. Бұл Алатаудан Сарыарқа төсіне бет түзеген қазақ көшіне жаңа серпін,...

Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары болып Жұмашев Қаныбек Бекболатұлы тағайындалды. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Telegram каналы...

Президент Жарлығымен бірқатар әскери қызметшілерге әскери шендер берілді

Ақорданың ресми сайты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен әскери атақ алған қызметшілердің тізімін жариялады. Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер және біліктілік сыныбын беру...

Тәуелсіздік күнтізбесі

1992 жылғы 6 мамырда Қазақстан мен Дания Корольдігі ара­сында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы Хаттамаға қол қойылды. 1992 жылғы 7 мамырда Президент Жарлығымен Мем­лекеттік қорғаныс комитеті...

Алмас Мыр­затай: Porshe-де басталған еңбек жолым Microsoft-та сәтті жалғасты

Былтыр Microsoft компаниясы Microsoft Translator тіл­дер то­бына қазақ тілі­нің қосылғанын ресми түр­де хабарлаған бо­ла­тын. Сондай-ақ, биыл ақ­пан айында қазақ ті­лінің Microsoft Teams плат­формасына енгі­зіл­гені...

«Қазпошта» онлайн сауда нарығын дамытып жатыр

«Қазпошта» биылғы жылдың алғашқы тоқсанында 4 миллионға жуық сәлемдеме жеткізген. Компанияның жұмысы, пандемия кезінде де тоқтаған жоқ. Ұлттық пошта операторының арқасында 140-қа жуық мемлекет...

Тілегі бірдің тілі де бір болса…

«Кемедегінің жаны бір» дейді қазақ мәтелінде. Демек бір мем­ле­кет­те өмір сүріп жатқан халықтың да мемлекет мүддесі тұрғысынан ау­зы бір болуы тиіс. Бірлік үшін не...

«Түркістан» кемесі теңізге жол тартты

Орал қаласында жаңа «Түркістан» кемесі салтанатты түрде теңізге жол тартты. «Зенит» Орал зауыты АҚ құрастырған шағын қарауыл кемесіне «Түркістан» атауы берілді. ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің...

НАТО-ның грантын ұтып алған ғалым

Сейтхан Азатұлы – 2004 жылы Қытай елінен көшіп келген қандасымыз. Ол бүгінде Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің (Satbayev university) Химия және биологиялық...

Азат елдің армиясы − тәуелсіздік тірегі

Армия − елдің айбыны. Мемлекет тұтастығы мен қауіпсіздігінің ең басты кепілі. Демек, елдің Қарулы күші қаншалық мықты болса, сол елдің өсіп-өркендеуі мен дамуы да...

Ешқандай тоқ көзі жоқ: БҚО-да 6 жастағы қыздың өліміне қатысты жаңа дерек пайда болды

Батыс Қазақстан облысы Деркөл ауылында ойнап жүрген алты жасар қыз күмәнді жағдайда мерт болды. Газ құбырын екі қолымен ұстаған Айяның неден көз жұмғаны көпшілікке...

Айтылды – орындалды

Биыл жыл басынан бері Мемлекет басшысының Баспасөз қызметі «Айтылды – орындалды» айдарымен Президент тапсырмаларының орындалу барысынан ел-жұртты хабардар етіп отыратын жақсы үрдіс бастады. Осы арқылы...

«Бейқам өмір сүрдім деп айта алмаймын»: Сабина Алтынбекова өмірінің күрт өзгергені туралы айтты

Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова өмірінде болып жатқан өзгерістер туралы айтты, - деп хабарлайды zakon.kz. Тұрмысқа шыққанға дейін мен мүлдем басқаша едім, батыл, тез ашуланшақ, тіпті...

Алексей Цой вакцинаның екінші компонентін алу мерзімі неліктен ұзартылғанын түсіндірді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой "Спутник V" екінші компонентін алу мерзімі неліктен ұзартылғанын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Бізге вакцинаны әзірлеген Гамалея атындағы орталықтан хат...

Атырауда Азия чемпионын атып өлтірген күдіктіге жаза кесілді

Атырауда Есенбек Сиғуатовты атып өлтірген қылмыскер 15 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.  Сот үкіміне екі тарап та наразы болған. Марқұмның ата-анасы...