Коронавирус: Францияда екінші адам көз жұмды

Коронавирус: Францияда екінші адам көз жұмды

Коронавирус: Францияда екінші адам көз жұмды
ашық дереккөзі
Францияда коронавирус жұқтырғандардың қатары арта түсті. Елде пневмонияның жаңа түрінен екінші адам көз жұмғаны расталды. Аурудың таралуын шектеу үшін Франция билігі қауіпсіздік шараларын күшейте бастады.  Елдің Денсаулық сақтау министрлігі стартегиялық қоймаларды ашып, 15 млн масканы медициналық қызметкерлерге тарату туралы тапсырма берді. Енді дәрігерлер шетелге шықпаса да, тыныс алу жүйесінде ауру симптомдары бар барлық науқастарды тексеретін болады. Франциядағы зертханалар коронавирусты анықтау үшін тәулігіне 1500 тест тексеруге қауқарлы. Билік бұл қадамға күні кеше ауруханада мұғалімнің COVID-19 вирусынан көз жұмғанынан кейін барып отыр. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, марқұм өзге елге бармаған және вирус жұқтырғандармен байланыста болмаған. Жағдайдың ушығуына байланысты Ницца қаласындағы карнавал кейінге қалдырылды. Десе де, жергілікті билік вирус өршіп тұрған Италиямен шекарасын жабуға асығар емес. «Шекара дегенде, географиялық орналасуына мән беріп отырған жоқпыз. Эпидемия ошағы қайда, сол маңызды. Вирус өршіп, індет тарап тұрған өңірлермен іргені жабу керек. Мысалы, Италия 50 мың адам тұратын 11 комуннасын оқшаулады. Ал, қалған өңірлер жайында әңгіме қозғау қисынсыз. Өйткені ондағы вирус жұқтыру көрсеткіші біздегі жағдайдан артық емес», – дейді Францияның Денсаулық сақтау министрі Оливье Веран. Айта кетейік, бұған дейін Қытайда коронавирустың жаңа түрінен қаза табу дерегі күрт азайғанын хабарлаған болатынбыз. Соңғы тәулікте індеттен 29 адам көз жұмды. Олардың барлығы – Хубэй провинциясының тұрғындары. Елдің Денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік комитетінің хабарлауынша, бүгінде дертті жұқтырғандардың жалпы – 78 497 адам. Сондай-ақ, аурудан  32495 адамның айыққаны белгілі болды.