Ақтөбеде 45 жолаушы мінген автобус аударылды

Ақтөбеде 45 жолаушы мінген автобус аударылды

Ақтөбеде 45 жолаушы мінген автобус аударылды
ашық дереккөзі

Ақтөбе обысында 45 жолаушысы бар  автобус апатқа ұшырады. Жолдың тайғақтығы салдарынан көлік аударылып қалған. Бұл туралы Диапазон басылымы хабарлады. 

Автобус Шымкенттен Екатеринбургке жол тартқан. Салонда 48 адам болған. Оның үшеуі қазақстандық жүргізуші, қалған 45 жолаушы Тәжікстан азаматтары.

Жолаушылардың барлығы дін аман. Патрульді полиция мен ТЖД қызметкерлерінің күшімен жолаушылар автобус астынан шығарылған.

Ақтөбе облыстық Полиция департаменті жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін сақтауды, сондай-ақ елді-мекен сыртына шыққан сәтте метеорологиялық жағдайларды есеп алуды ескертті.