Жаңалықтар

Diamond Princess кемесінен эвакуацияланған 3 ресейліктен коронавирус анықталды

ашық дереккөзі

Diamond Princess кемесінен эвакуацияланған 3 ресейліктен коронавирус анықталды

Diamond Princess круиздік кемесінен эвакуацияланған үш ресейліктен коронавирус анықталды. Бұл туралы Роспотребнадзор басшысы Анна Поповаға сілтеме жасап РИА Новости хабарлады. Жаңа инфекцияны жұқтырған науқастар өздерін жақсы сезінетіндігін айтқан. "Круиздік лайнерден эвакуацияланған азаматтардың барлығының температурасы қалыпты, ешкімде клиникалық көріністер жоқ, тіпті жаңа коронавирус инфекциясы диагнозы қойылған адамдарда белгілер байқалмайды", –  деді Анна Попова журналистерге. Ал Diamond Princess кемесінен шығарылған АҚШ азаматтарының арасында коронавирус жұқтырғандар саны 42-ге жетті. Осылайша мемлекетте пневмонияның жаңа түріне шалдығудың 59 дерегі тіркеліп отыр. Еске сала кетсек, "Diamond Princess" круиздік коронавирусының өршуіне байланысты Жапония жағалауында екі апта бойы карантинде тұрды. Бортта 3700 адам жабылды. Соңғы деректер бойынша, кемеде болғандардың арасында 705 адам коронавирус жұқтырып үлгерген.