Жаңалықтар

Әлем халқының 70 пайызы коронавирус жұқтыруы мүмкін

ашық дереккөзі

Әлем халқының 70 пайызы коронавирус жұқтыруы мүмкін

  Гарвард университетінің эпидемиолог-ғалымы Марк Липсич жақын уақытта адамзаттың 70%-ы коронавирус жұқтыруы мүмкін дейді. Бұл туралы Американың lifter.com.ua порталы хабарлады. Адамзаттың 70%-ы 5,3 млрд адамды құрайды екен. Медицинасы дамыған Оңтүстік Корея, Қытай, Италия мен Франция сияқты ірі мемлекеттер бұл індетке тосқауыл бола алмай отыр. Көршілес Моңғол елінің президенті Х.Баттулга күншығыс халықтарының Шаған ұлттық мерекесін тойламауға шақырып, коронавирустан төніп тұрған қатерден алдын ала сақтану шараларын күшейтті. Елдегі барлық оқу орындарына үш ай уақыт карантин жариялады. Сабақ онлайн жүйесінде оқытылуда.

Шолуды дайындаған Бақыт БЕКОВ