Президент сырқаттанып қалса, елді кім басқарады?
Президент сырқаттанып қалса, елді кім басқарады?
Түркіменстан Конституциясына енгізілетін ережелердің біріне сәйкес, мемлекеттің бұрынғы президенттері өмір бойына Халықтық кеңестің (Халк Маслахаты) мүшелері бола алады.
Жобада баяндалғандай, мемлекетті басқару қызметінен босаған президент Халықтық кеңестің (Халк Маслахаты) мүшесі атануға құқығы бар. Бұған дейін Түркіменстан Конституциясында президент ауырып қалған жағдайда оның міндетін Меджлис басшысы атқаратыны туралы жазылған болатын. Ал Конституцияда енгізілетін жаңа ережеге сәйкес, Мемлекет басшысы сырқаттанған жағдайда, оның міндетін Халықтық кеңес басшысы атқарады. Десек те, Халықтық кеңес төрағасын кез келген адам атқара алмайды, мұны депутаттар құпия түрдегі дауыс беру арқылы анықтамақ. Аталған заң 2019 жылдың күзінде қарастыруға ұсынылған болатын, ал заңды күшіне 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап енбек. Осылайша, Түркіменстан елі келер жылдан қос палаталы парламент жүйесіне көшпек. Заң шығарушы төменгі палата Меджилис деп аталса, ал жоғары палата Халк Маслахаты (Халықтық кеңес) деп аталмақ.
Әлия ТІЛЕУЖАНҚЫЗЫ