Коронавируспен күрес: Трамп Конгрестен 2,5 млрд доллар сұрады

Коронавируспен күрес: Трамп Конгрестен 2,5 млрд доллар сұрады

Коронавируспен күрес: Трамп Конгрестен 2,5 млрд доллар сұрады
ашық дереккөзі
АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігі коронавируспен күрес үшін Конгрестен қосымша 2,5 миллиард доллар сұрады. Бұл қаржыны қауіпті дертке қарсы вакцина жасап шығару мен індеттің таралуына тосқауыл қою сынды шараларға жұмсау көзделіп отыр. Бүгінде АҚШ-та вирусты жұқтырғандардың саны 53-ке жеткен. Олардың 39-ы – Жапониядағы Diamond Princess лайнерінен эвакуацияланған азаматтар. Ақ үй басшысы елде коронавирус толық бақылауда екенін мәлімдеді. Айта кетейік, бұған дейін коронавирустың таралуына байланысты Италияда Джорджио Армани сән үйінің жаңа топтамасының көрсетіліміне көрермендерсіз өткенін хабарлағанбыз. Елде қауіпті індеттің өршуіне байланысты Джорджио Армани  жаңа топтамасының таныстырылымын қонақтарсыз өткізуге шешім қабылдаған. Сән үйінің баспасөз қызметі Джорджио Арманидің мұндай қадамға қонақтардың қауіпсіздігі үшін барғанын хабарлады.