Соғыс ардагерлеріне 300 мың теңгеден беріледі
Соғыс ардагерлеріне 300 мың теңгеден беріледі
Жеңістің 75 жылдығына орай Атырау облысында соғыс ардагерлері 300 мың теңгеден сыйақы алмақ.
Бүгінде Атырау облысында 9 соғыс ардагері тұрады. Оның сегізі Атырау қаласының тұрғыны болса, біреуі Жылыой ауданының азаматы. Ардагерлердің арасында жасы ең үлкені – Айдын Айбаров биыл 99 жасқа толады.
Атырау облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қатимолла Ризуановтың айтуынша, ардагерлердің әрқайсысына 300 мың теңге қаржылай сыйақыдан бөлек, NCOC компаниясының демеушілігімен 750 мың теңгенің сертификаты беріледі. Сертификаттың жарамдылық мерзімі – бір жыл. Оған ардагерлер көңілі қалаған затын сатып алуына болады екен.